Қаржылық салымдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес.

Содержание работы

І. Кіріспе 2-4бет
ІІ. Негізгі бөлім
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі. 5-10 бет
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
Қаржылық инвестиция есебі. 19-32 бет
ІІІ. Қорытынды. 32-33 бет
ІV. Қолданылған әдебиеттер.

Содержимое работы - 1 файл

Курсовой Қаржылық салымдар есебі.doc

— 283.00 Кб (Скачать файл)

Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның тәуекелділігі жөнінде мәселеге алдын ала жауп береді, ал ол (тәуекелділік) өз кезегінде инвестициялық сомаларды қайтару мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қысқа болған сайын, жобадан түсетін ақшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, шаруашылық субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылық субъектілерінің тәжірибесінде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады, ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылды құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер керек.

Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық  жобалардың тиімділігі жөнінде толық  түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаның әр түрлі  құнын есккермейді, сондай- ақ өтелу мерзімі аяталғанна кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің бірі ретінде ғана қарастырылады.

Шаруашылық  субъектісінің ішкі табыстар нормасы  өзінің физикалық мәні бойынша тек  инвестициялардан алынатын  пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да көрсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының ( табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконтталғанқұны сол жобаның дисконтталған шығын құнымен тең болса ғана қабылданады.

Егер де алғашқы  бастау алатын шығыны 0 уақытына сәйкес келетін болса, ал оның ішкі табыстық нормасы 1 деңгейінде берілсе, онда оны  келесі формуламен анықтауға болады:

            Х0=

Сонымен, 1 –  бұл болашақ кезеңде болатын  ақша ағынының дисконтталған деңгейінің мөлшерлемесі х1-ден хn-ге дейін, бірақ ол кезде бастау алған шығынынын олардың ағымдағы құнына теңестіру керек.

Егер де табыстың ішкі нормасы артатын болса,  онда ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалауға тура келеді, өйткені жобаның рентабелділігі артады, немесе керісінше болса, онда жобаның рентабелділігі төмендейді, демек одан алынатын табыстың да деңгейі азаяды.

Таза ағымдағы құн – бұл ұзақ мерзімді инвестицияның  тиімділігін анықтау мақсатында ақша ағындарын дисконттаудың әдісі. Таза ағаымдағы құн ккеліп түскен ақша ағыны мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына тең.

Ал инвестициялық  жобаның таза ағымдағы құны мына формула  бойынша анықтайды:

            NPV = xo +

Мұндағы  l –  табыстың қажетті нормасы.

Кәсіпорынның  табыс нормасы салық салғаннан  соң 12% құрады делік, ал инвестицияның  деңгейі 180 мың теңге құраған және 5 жыл бойына жыл сайынғы төлемі 57 мың теңге болған, яғни оның ағымдағы құны мынаған тең:

NPV = 180 +

NPV = 180 +

NPV = 205.5 – 180 = 25.5 мың теңге  

Инвестицияларды мүліктік түгендеу. Түгелдеу басқа  кәсіпорындарға берілген заемдарды, басқа  кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік  және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа кәсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауғак мүмкіндік береді.

      Құнды қағаздардың(акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға  сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар)  нақты барын тексергенде: құнды қағаздардың баланста есептелген құнының дұрыстығы; құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен); құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды.

      Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде  кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгендеуден өткізіп отырады  және оны кәсіпорынның кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізеді.

      Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдерін және жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір құнды қағаздың реквизиттері кәсіпорынның бухгалтерясында сақталатын тізімдердің (реестрлердің, кітаптардың) мәліметтерімен салыстырылады.

      Банкке  немесе депозитарийге (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын ) өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомасының қалдықтарын банктің немесе депозитарийдің мәліметтерімен салыстырылады. Бұл мәліметтер мүліктік түгелдеу  кезінде банктен немесе депозитарийден арнайы сұраным арқылы алынған мәліметтермен салыстырылады.

      Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамдардың, қор нарығының жағдайы және қор биржаларындағы акциялардың бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.

      Ел  ішіндегі құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына кәсіпорынның аударған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының қаражаттары , сондай – ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде  тиісті құжаттармен куәландырылады.

      Қаржылық  инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері «Құндылықтар мен қатаң есеп беру құжаттарының» бланкілерінің тізбесінде көрсетіледі.

      Егер  мүліктік түгелдеу кезінде әр түрлі  дебиторлармен және басқалармен  есеп айыррысу шоотарына құны жазылған инвестициялар анықталса, онда мұндай сомалар алынып, инвестициялардың тиісті шоттарына аударылады.

      Мүліктік  түгелдеу кезінде банкрот болып  жариялаған немесе жойылған (инвесторларға тиісті талап қоймаған) кәсіпорындарға салынған инвестициялар анықталуы мүмкін.

      Мүліктік  түгелдеу комиссиясы инвестиция салынған кәсіпорындағы өзгерістерді, меншік түрінің ауысуын, инвестиция салынған кәсіпорындарды шетелдік инвестордың сатып алуын және басқа да жағдайлары анықталуы мүмкін. Осы да және басқа да жағдайларда мүліктік түгелдеуді жүргізетін комиссия тиісті шешімдер қабылдауңы қажет, ал бухгалтерия оны есепте көрсетуі керек.

      Төменде инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері бойынша жасалған шоттар корреспноденциясы көрсетілген. 

Рет

Шаруашылық  операцияларының мазмұны  Сома, мың  теңге Шоттардың корреспонденциясы
     дебет кредит
  1                           2          3         4        5
1. Түгелдеу кезінде, еншілес кәсіпорынға, 200 мың  теңгедегі  сомасы жаңылыс жатқызылғаны, яғни жаңылыс 1220 шотына аударып жібергені  анықталды:

- түзейтін жазулар  (қызыл жазу тәсілімен)

 
 
 
 
 
200,0
 
 
 
 
 
1220
 
 
 
 
 
1040
  - дұрыс жазуы   
200,0
 
2210
           

1040

2 Түгендеудің нәтижесінде  осы кәсіполрындарда, бұрын банкрот  болып танылған басқа кәсіпорының  акциясы табылған, сол акцияның жалпы құны 400 мың теңге құраған, түгендеу комиссиясы аталған шағымның орындалуын ұсынды.  
 
 
 
 
 
400,0
 
 
 
 
 
 
1630
 
 
 
 
 
 
1150

   

        Есеп беруде инвестицияларды  ашып көрсету. Шаруашылық жүргізу  субъект қаржылық есеп беру  барысында өзінің баланстық құнын, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларын есептен шығарғаннан кейін  қайта бағалаудан түскен табысын есеп саясатында ашып көрсетуі қажет.

       Сондай – ақ, пайыздар, роялти, дивидендтер  және ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан түсетін табысты да ашып көрсетуі керек: қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың есептен шығуынан түскен табыстар мен шығындар және осындай инвестициялардың құнының төмендеуі де ашылуы тиіс.

      Жылжымайтын мүлікке салынған  инвестициялардың ағымдағы құны, сондай – ақ инвестицияларды өткізудегі айтарлықтай шектеулердің жайы, алатын табысы; олардың сатылуынан түсетін пайдасы; есеп беру кезеңде қайта бағалаудан түскен соманың қозғалысы және бұл қозғалыстың сипаты; қайта бағалауды есепке алғандағы құнымен есептеген  кезіндегі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша қайта бағалаудың мерзімділігі, соңғы қайта бағалаудың күні, қайта бағалаудың негізгі есебі ашылуы тиіс.

       

                                   III.  Қорытынды 

Қорыта келетін  болсақ, мен жалпы Инвестициялардың есебі тақырыбы аумағын үш негізгі бөлімге бөлу арқылы қарастырдым. Бірінші бөлімінде инвестицияның түсінігі жайлы, екінші бөлімінде заңды тұлғалар активтерді бірігіп алып, бірлесіп, серіктестікте қатысу үлесі бойынша топшыланған келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін шаруашылық серіктестіктердің инвестиция есебі туралы, үшінші бөлімінде қаржылық инвестициялар есебі, яғни құнды қағаздар – облигациялар түрлері, депозиттер, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, опциондар, варранттар туралы сөз талқыланды. Инвестициялардың тиімділігін анықтау  жөніндегі мәселе іс жүзінде келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Біздің кәсіпкерлігіміздің бұрын – соңды нарықтық экономикада өмір сүрмегендігі, енді ғана қадам басып жатқаны бәрімізге мәлім.

Бүгінгі таңда, мамандар инвестициялық жобаны тұрақты  бағамен есептейді. Бұл үлкен  қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені  тауарлар мен қызметтердің әр түрлі  топтары бойынша  инфляция деңгейі 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде  мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеуілдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру керек.

Қазақстан Республикасында  құнды қағаздар нарқы енді ғана қалыптасып келе жатқанын айта кету керек. Алғашқы  қор биржалары пайда болды, бірақ  олардың айналым көлемі ауыз толтырып айтарлық емес. Бұндай жағдай біздің елімізде жекешелендіру аяқталып біткенше және акциялар мен басқадай құнды қағаздар ұсынушылардың саны көбейген кезге дейін созылады. Нарықтық экономиканың одан әрі дамуы, әр түрлі биржалық бюллетеньдердің, қаржылық газеттер, баланс, әр түрлі акционерлік қоғамдардың табысы туралы есеп беру, олардың акциялары, облигациялары мен басқадай құнды қағаздар туралы мәліметтер келтірілген анықтамалардың шығуына әкеледі. Компанияның акциялар пакетін сату немесе сатып алу туралы шешім қабылдау және курсын зерттеу, кәсіпорындағы қаржы бөлімінің жұмысының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 
 
 
 
 
 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

В.К.Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003 жыл. 

В.Л.Назарова «Шаруашылық  жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» оқулық жалпы ред. Мамыров  Н.К. , Алматы, Экономика 2005 жыл. 

Қазақстан Ұттық  энцеклопедиясы, Алматы 2006 жыл. 

Қ.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева «кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы Экономика 2001 жыл.  

Қазақстан Республикасның «Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беру туралы» Заңы  

Қазақстан Республикасның «Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беру туралы» Заңына енгізілген толықтырулар.  

Информация о работе Қаржылық салымдар есебі