Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 20:47, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру,несиелеу жүйесінің құрылымы тән.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

І Бөлім. Несие жүйесі..............................................................................................4
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.........................................4
Несиелеу объектілері мен субъектілері......................................................8

ІІ Бөлім. Несие түрлері.........................................................................................11
2.1 Банктік несие және оның экономикалық мағынасы................................11
2.2 Банктік несие беру процесі және несиені қайтару кезеңі ......................13
2.3. Несиелік механизм және несиелік процесс ............................................18

ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары.22
3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері .............................................24

Қорытынды............................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................29

Содержимое работы - 1 файл

Несие ж_йес_1.doc

— 244.50 Кб (Скачать файл)

 



 

 

 

ЖОСПАР

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

І Бөлім. Несие жүйесі..............................................................................................4

    1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.........................................4
    2. Несиелеу объектілері мен субъектілері......................................................8

 

ІІ Бөлім. Несие түрлері.........................................................................................11

2.1 Банктік несие және оның  экономикалық мағынасы................................11

2.2 Банктік несие беру  процесі және несиені қайтару  кезеңі ......................13

2.3. Несиелік механизм  және несиелік процесс ............................................18

 

ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары.22

3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің  ерекшеліктері .............................................24

 

Қорытынды............................................................................................................27

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру,несиелеу жүйесінің құрылымы тән. Несиелеу операцияларының құқықтық-ұйымдастыру формаларының жүзеге асырылуынан, несиелеудің формалары мен әдістерінің және несиелеу қатынастарының, ұйымдастыру құрылымының өзгеруінен несиелеу жүйесінің жұмыс істеу механизмі әрқашан өзгеріп отырады.

Несиелік жүйелерді жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несие жүйесінің  құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық  шаруашылығының дамуына оңтайлы  әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады, себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды, банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі байқалды. Бұл олардың арасындағы бәсекелестіктің болдырмауына жол берді.

  Банктік реформаның екінші  сатысында тек банк құрылымы  қайта ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынастар механизмі мен несиелеу қызметтерінің әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты:

I-деңгейде – Қазақстанның Ұлттық  Банкі;

II-деңгейде – коммерциалық банктер  және басқа да жекелеген банк  операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұымдары.

Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзінің орны ерекше. Несиенің дәл әрі нақты талданып, несиелеу кезеңдері көрсетілген. Несиелік механизм туралы да аз жазылған жоқ. Банктің  несие беру процессі, банктің несиесі және де оның экономикалық мағынасы ауқымды түрде жазылды. Үшінші бөлімде әлемдегі банктің несие жүйесін мысал ретінде жаздым.

 

 

 

І Бөлім. Несие жүйесі

    1. Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы

 

Нарықтық экономикада несие  – банк  жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезеқте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен  сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар  соммасында бағаланған.

Американдық шаруашылықта пайдалынатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады.

Несие жуйесінің өз қызметтерін  орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны  тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлм айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алкшы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын  куәландыратын вексальді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парқты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне- шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мпзмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

Несиелік қатынастар мен несие  фрмаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.

Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және бақа да ұаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік  және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.

Бірлескен несие жүйесінің  күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін  негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк;
  • Коммерциялық банктер;
  • Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б).

Қазақстан республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) несиелік профелі.

Банктердің несиелері  әкономиканы тұрақтандыруда ең маңызды  фактор болып табылады. Сондықтан  да, қазіргі таңда банктік несие  формасының рөлі арта түседі. Сонымен 1-кестеде берілген екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелі құрылымына экономиканың салалары бойынша соңғы үш жылдағы берген несиелеріне талдау жасайық.

Экономика салалары бойынша берген екінші деңгейдегі банк несиелері*.

1-кесте

Экономика салалары

01.’01

1997

01.’01

1998

01.’01

1999

1998/97

өсуі (+;-)

1999/98

өсуі (+;-)

барлығы

48040.4

80478.7

85709.2

1.2

1.4

Соның ішінде:қысқа мерзімді несие

31718.2

41124.4

50557.5

1.3

-1.2

өнеркәсіп

8841.3

13735

11907.1

1.6

-1.2

Ауыл шаруашылығы

1449.7

11604.8

35551.2

8

-3.3

Құрылыс

1299.5

1789.2

1558.9

1.4

-1.1

Көлік

615.5

41.2

1569.9

-15

38.1

Байланыс

38.5

1058.4

750.9

27.5

1.4

Сауда

5691.8

10035.3

17927

1.8

1.8

Басқалары

13781.9

12861

13293.2

-1.1

1

Орта және ұзақ мерзімді несие

16331,2

19354,3

35151,7

1,2

1,8

Өнеркәсіп

7974,3

9591,2

9840,8

1,2

1

Ауыл шаруашылығы

1272,1

2187,7

5491,3

1,7

2,5

Құрылыс

1117,3

480

400,7

-2,3

-1,2

Көлік

392,4

2231,7

3119,8

5,6

1,4

Байланыс

54,4

441

639,1

8,1

1,4

Сауда

2,3

650,8

4232

282,9

6,5

Басқалары

5518,4

3771,9

11428

-1,5

3


 

Мақыш “Коммерциялық Банктер операциялары” С.Б Мақыш – Алматы, Қазақ Униерситеті 2002ж-120бет.

*- ҚР Ұлттық банктің статистикалық бюллетен

**- Мерзімі өткен ссудаларды есепке алғанда.

 

Келтірілген 1-кесте мәліметтеріне  қарап, банктердің экономика салалары бойынша берілген несиелердің жалпы сомасы 1997 жылдың басында 48049,4 млн теңгені құраса, ал 1998 жылдың басына бұл сома 1,2 есе артып, 60478,7 млн теңгеге жетеді. Жыл бойынша банк несиелерінің көлемі 1,4 есе ұлғайып, 1999 жылдың қаңтар айына – 85709,2 млн теңгені құрайды.

 

Берілген несиелердің мерзіміне  қарай үлесін анықтасақ, қысқа мерзімді несиелер:01.01.97 жылы – 66%-ды(31718,2 млн  т), 01.01.98жылы – 68%(41124,4 млн т) және 01.01.97жылы – 59% (50557,5 млн т) құрайды. Қысқа мерзімді несиелер көлемі соңғы жылы азайғандығын көреміз.

 

Сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне: 01.01.97жылы-34%(16531,2 млн т), 01.01.98ж  – 32%(19354,3 млн т) және 01.01.99ж – 41%-ды(35151,7 млн т) тиеді.Орта және ұзақ мерзімді несиелердің соңғы жылдардағы динамикасы олардың өсіп отырғандығын көрсетеді.

     

 

 

 

2-кесте

Н   Е  С  И  Е      Ж  Ү  Й  Е  С  І

 

Иерархия деңгі

Мекеме аты

Бөлімшелер аттары

Мекеменің қызметі

Банк жүйесі

I

Ұлттық банк

Орталық аппарат

Ұлттық банктің облыстық басқармалары

1.ақша айналысын және  қолма-қол ақшасыз есеп айырысуы.

2.Үкіметке несие-есеп  айырысу қызметін көрсету.

3.Алтын-валюта резервін  басқару.

4.Ақша-несиелік реттеу

II

1.ЕДБ

 

 

 

 

 

 

2.Маман-данған банктер

Орталық аппарт.

Филиалдары.

Өкілдік.

Еншілес банкі.

Бөлімшелері

Клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету.

 

Банк көрсететін қызметтің  жекелеген түріне ғана маманданған

Пара-

банк жүйесі

III

Маман-данды-рылған арнайы несие-қаржы мекеме-лері

Орталық аппараты.

Филиалдары.

Өкілдік.

Маманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету.

IV

Пошта-жинақ мекеме-лері

Орталық аппарат (ААҚ  Қазпошта).

Бөлімшелері

Халыққа несие-есеп айырысу  қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту

Информация о работе Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары