Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

Содержимое работы - 1 файл

Инновация каз.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

Инновациялар, инновациялық қызмет, инновациялық үдерістер – бұл қазіргі кезде сан түрлі және кең түсіндірілетін түсініктер.  Бұл түсініктердің дамуы мен жаңа идеялар мен өнертабыстар, жаңа ғылыми жетістіктер, жаңа білімдер мен технологиялар, іргелі және іздену ғылыми–зерттеу жұмыстарының жаңа нәтижелері мен т.б. сияқты жаңалыққа жататын барлық жаңа үдерістерге таралуы инновациялық және жаңа деген екі түсініктің тұрмыстық көрінісі мен араласуынан пайда болады. Инновациялық қызметті жаңа қызмет ретінде кеңінен түсіндіру ғылыми–техникалық прогресс деп түсінілетіндердің барлығын қамтып әрі ғылыми және инновациялық басымдықтарды араластырып, ғылыми немесе инновациялық дамуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарға қойылатын талаптардың бірдейлігі туралы жалған түсініктерді туындатады. Ғылыми–техникалық прогрестің келесідей түсінілуіне байланысты аталмыш тезисті негіздейміз: ғылыми–техникалық прогресті мақсатқа сәйкес шартты түрде екі негізгі өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын құрамдастарға – ғылыми–техникалық жетістіктердің құрамдасы мен өндірістік–техникалық жетістіктердің құрамдасына бөлеміз.

Бірінші жағдайда, ғылыми жетістіктер – жаңа білімдер, жаңа ғылыми–техникалық идеялар, ашылымдар мен өнертабыстар, жаңа физикалық-химиялық–биологиялық принциптерге негізделген жаңа технологиялар ғылыми–техникалық прогрестің нәтижелері болып табылады. Екінші жағдайда, өндірістік–техникалық жетістіктер – инновациялар ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелері болып табылады.

Инновацияларды жасау  келесілерді болжайды:

мақсатқа лайық кәсіби даму және ғылыми–техникалық жетістіктердің нәтижелерін  жаңа технологиялар, жаңа жүйелер, машиналар, құрал-жабдықтар, өндірісті және т.б. ұйымдастыру мен жоспарлаудың жаңа әдістерін жасауға дейін жеткізу;

 өндірістік-техникалық  жетістіктердің жасалған нәтижелерін  тұтынушылар немесе рынок, не  болмаса «тапсырыс–орындау» механизмі арқылы тәжірибе жүзінде жүзеге асыру;

 жасалған инновациялық  өнімді тиімді пайдалануды қамтамасыз  ету;    

 рыноктың немесе  тапсырыс берушінің сұранысына  ие инновацияларды (оларды ғылыми–техникалық жетістіктердің инновациялық бағыттары деп атайтын боламыз) жасау және жүзеге асыру үшін қажет жаңа ғылыми–техникалық жетістіктерді зерттеу және оларға қол жеткізу (егер ондай болмаса).

 Жоғарыда айтылғандарға  байланысты, біз инновациялық қызмет  деп қоғамдық тәжірибеде қолда  бар барлық үдемелі технологияларды, жүйелерді, машиналар мен құрал–жабдықтарды отандық және әлемдік ғылым мен техниканың ғылыми–техникалық жетістіктеріне енгізу және пайдалану негізінде қолдана отырып, «дайын» өндірістік–техникалық жетістіктерді – инновацияларды жүзеге асыруға бағытталған адамдар ұжымының қызметін түсіну керектігін қорытындылаймыз. Ол алынған және тексерілген ғылыми–техникалық жетістіктердің қолда бар көлемі мен жетістіктері арасындағы қабыспайтын алшақтықтың алдын алуды және олардың дамып келе жатқан (құрылып жатқан) кәсіпорындарда қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Инновациялық белсенділіктің молықтырылуы – тиімді инновациялық экономиканың қалыптасуының маңызды  шарты екенін осыдан білуге болады.

Инновациялық қызметтің  тиімділігі көбіне инновациялық инфрақұрылыммен  анықталады. Сондықтан инновациялық инфрақұрылым инновациялық экономиканың, қоғамдағы инновациялық әлеуеттің негізгі құрамдасы болып табылады. Инновациялық инфрақұрылым дегеніміз не? Неге ол инновациялық экономиканың іргетасы, негізгі құрамдасы болып табылады?

Инновациялық инфрақұрылым инновациялық экономиканың негізгі нұсқаулығы және механизмі болып табылады. Ол «архимед тұтқасы және сүйеніш шегі» сияқты  елдің экономикасын өте жоғары деңгейге көтере алады. Осындай түсінікке байланысты, біз инновациялық инфрақұрылымды өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын өндірістік–техникалық жүйелер, ұйымдар, фирмалар және инновациялар мен инновациялық қызметтерді тиімді жүзеге асыру қажет тиісті ұйымдастырушылық-техникалық жүйелер ретінде көреміз. Инновациялық инфрақұрылым ел экономикасының даму қарқынын (жылдамдығын) және оның тұрғындарының әл-ауқатының өскенін алдын ала анықтайды. Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі әлемдік рыноктағы ғаламдық бәсеке жағдайында инновацияларды жасайтын және жүзеге асыратын дамыған инфрақұрылымы, инновациялық қызметтің біршама тиімді механизмі бар ел экономикасының ұтатындығын көрсетті. Сондықтан елдің инновациялық экономикасы тиімді жұмыс жасау үшін инновациялық инфрақұрылым функционалды толық болуы тиіс.

Ал бұл нені білдіреді? Бұл өңір және тұтас ел аумағында инновацияларды жасау және жүзеге асыру жөніндегі инжинирингтік технологияларды толық іске асыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің жиынтығын иелену дегенді білдіреді. Біздің сеніміміз бойынша, аталған жиынтық келесі ерекшеліктердің жиынтығын қамтуы тиіс:

инновациялық қызметтің  «дайын» объектілерін тапсыруды қамтитын толық инновациялық циклдің міндеттерін сол орнында шеше алатын инновациялық–технологиялық орталықтар немесе инжинирингтік фирмалар түрінде барлық өңірлерге таралуын;

экономиканың өндірістік немесе қызмет көрсететін секторларының кез келген саласындағы «дайын» инновациялық жобаны жүзеге асыруды бәсекеге қабілетті түрде қамтамасыз ете алатын әмбебаптықты;

тапсырыс берушіге немесе тұтынушыға адал және сапалы қызмет көрсетуге  негізделген кәсібилікті;

соңғы нәтижеге бағдарлануды қамтамасыз ететін конструктивтілікті. Инновациялық жобаның дамуы соңғы нәтижелерді үздіксіз талдаумен қатар жүруі тиіс. Қол жеткізілген соңғы нәтижелер бойынша сенімді ақпараттардың болуы инновациялық қызметтің даму үдерісінде тікелей конструкциялық басымдықтарды дайындап, инновациялар – инвестициялар – соңғы нәтижелердің мониторингі – инвестициялар және т.б. схемасы бойынша инновацияларды басқарудың тұйық жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

ғылыми–техникалық әлеуеттің жоғары деңгейін;

кадрлармен бірінші кезекте, инновациялық жобалардың жетекшілерімен және инновациялық инфрақұрылымның персоналын үнемі жаңарту және жетілдіру мүмкіндігін қамтамасыз етуді;

қаржымен қамтамасыз етілу (айналым капиталының болуы);

соңғы нәтижені алуды  жылдамдататын нұсқаулық әдістердің жоғары деңгейін;

инновациялық инфрақұрылымдардың рынок пен ішкі жағдай талаптарының өзгеруіне бейімделуін қамтамасыз ететін икемділікті.

 Біз жасаған зерттеулердің  нәтижелері, сондай-ақ әлемнің дамыған  елдерінің тәжірибелері көрсеткендей, инновациялық инжинирингтік орталықтардың (фирмалар, кәсіпорындар) инфрақұрылымы инновациялық инфрақұрылымның басты негізі, ғылыми-техникалық жаңа енгізілімдерді – инновацияларды жүзеге асырудың  біршама барабар механизмі болып табылады. Инновациялық инжинирингтік орталықтардың инфрақұрылымы ең үздік отандық және шетелдік білімдер мен технологияларды шоғырландырып, тапсырыс берушіге инновациялық жобаны табысты жүзеге асырудың кепілі және жүйелі бірлестігі ретінде қызмет көрсетуді: соңғы инновациялық өнім рыногының жағдайын, инновациялық жобаның техникалық–экономикалық негіздерін және оны дайындауды зерттеуден бастап кадрлық қамтамасыз ететін «дайын»  жабдықтарды жиынтықты жеткізуге, оны жүйелі енгізуге дейін қарастыруы тиіс.

Инновациялық инфрақұрылымның жоғарыда аталып өткен бірқатар ерекшеліктерінің мазмұнын ашып көрсетуге тоқталамыз.

Рынок қажеттіліктерін  зерттеу және оның мониторингі, шығарылып  жатқан инновациялық өнімдерді үнемі  және жылдам жаңартып отыру қажеттігі  инновациялық экономикаға икемді автоматтандыруды енгізуге аса қатты мән беруді талап етеді.  Ақпараттық технологиялар мен компьютерлендірілген жүйелерді кеңінен қолдана отырып кешенді икемді автоматтандыру инновациялық экономиканың өзегі болып табылады. Сондықтан өңір экономикасының барлық құрылымдық қайта құруларының негіздерінде, оның өңірлік инновациялық инфрақұрылымының негізінде автоматтандырылған жоғары технологиялар мен компьютерлендірілген жүйелердің «жобалау – өндіру – бақылау – жүзеге асыру» толассыз «қағассыз» циклі бар болуы тиіс. Осыдан барып, толассыз «қағассыз» циклді автоматтандырылған режимде жүзеге асыратын және бір жүйеге инновацияға бағытталған ғылыми–зерттеу, тәжірибелік–конструкторлық жұмыстарды, соңында инновациялық өнімдерді жасауға бағытталған өндірісті жоспарлау мен технологиялық дайындау үдерістерін біріктіретін автоматтандырылған біріккен жобалық–өндірістік жүйелерді дайындаумен және игерумен байланысты ғылыми–әдістемелік және ұйымдастырушылық–технологиялық мәселелерді шешу инновациялық экономиканың қалыптасу және дамуының маңызды өңірлік проблемасы болып табылады деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, мұндай жүйелерде ғылымды қажетсінетін жаңа жүйелерді жасауға: инновацияларды жобалау; ғылымды қажетсінетін жаңа жүйелердің басты үлгілерін дайындау және жинақтау; іске қосатын–реттеуші жұмыстар және ғылымды қажетсінетін жаңа жүйелерді сынауға тән негізгі үш кезеңнің толассыз байланысы автоматтандырылуы тиіс.  
        Өңірлерде инновациялық қызметті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімді механизмін жасау инновациялық экономика жағдайында өзінің өзекті шешілуін талап ететін маңызды проблема болып табылады. Бұл механизмнің нәтижелілігі өңірлердің үздіксіз әлеуметтік-экономикалық мониторингінің сапасына айтарлықтай тәуелді. Мұндай мониторинг, біздің көзқарасымыз бойынша, инновациялық қызметті жақсарту және дамытуға бағытталған басқарушылық шешімдер мен ұсыныстарды дайындау мақсатында өңірдегі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми және инновациялық жағдайларды бақылау, бағалау, талдау және болжауды қамтуы тиіс. Мониторинг инновациялық үдерістер, сондай-ақ өңірдегі экономиканың құрылымдық қайта құруларының жалпы үдерістері сияқты өңірлерді осы үдерістерді тиімді басқаруға бағыттайды. Сондықтан өңірдегі құрылымдық қайта құрулардың автоматтандырылған мониторингінің функциясы инновациялық экономиканы ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы негізгі функциялардың бірі болуы тиіс. Осыған байланысты мәліметтер мен білімдердің инновациялық банктерін пайдалану мен жаңартуды үнемі қолдап отыру үшін өңірлерде инновациялық–ақпараттық қамтамасыз етудің автоматтандырылған орталықтарын (ИААО)  құру мақсатқа лайық болып отыр. Келесі ережеге байланысты мынаны айту керек: инновациялық қызметтің субъектілеріне, бірінші кезекте, сәйкесінше реттелген техникалық–экономикалық, конъюнктуралық–коммерциялық, статистикалық ақпаратты, өнеркәсіптік өнімдердің, технологиялардың, машиналар мен құрал-жабдықтардың, материалдардың, қызмет түрлерінің және т.б. сипаттары туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат қажет. Бұл жерде инновациялық экономиканы ақпараттық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі ретіндегі өңірлік кәсіпорындардағы инновациялық қызмет пен инновациялардың маркетингіне маңызды рөл беріледі.

Инновациялық маркетинг  кәсіпорынның инновациялық өнімдерін  жүзеге асыру үдерісімен, дәлірек  айтсақ:

тұтынушы мен оның рыноктағы мінез–құлқының себептерін зерттеумен; инновациялық өнімдерді және оны сату арналарын зерттеумен;

бәсекелестерді зерттеумен және  олардың инновациялық өнімдерінің  бәсекеге қабілеттілігін  анықтаумен;

ИИАО–ның жетекші құрылымдарының бірі болуы тиіс кәсіпорынға өзінің артықшылықтарын жүзеге асыруға ыңғайлы мүмкіндіктер беретін рыноктың «тауашасын» зерттеумен байланысты барлық мәселелерді зерттеу жөніндегі шаралар кешені болып табылады. 

Өңір деңгейінде инновациялық экономиканы кешенді ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ақпараттық құрылым – автоматтандырылған біріккен ақпараттық жүйе сияқты салалар мен кәсіпорындар құру мемлекеттің инновациялық экономикасының маңызды мәселелерінің табысты шешілуіне: кәсіпорындардың, салалардың, өңірлердің және тұтас елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Инновациялық экономиканың қалыптасуы өңірлердегі күрделі  инновациялық жобалардың іс жүзінде  жүзеге асуын басқарудың тиімді механизмін қалыптастыруға айтарлықтай байланысты. Бұл жерде де мемлекеттің қолдауынсыз инновациялық үдерістер жүзеге аса қоймайды. Ғылым мен инновацияға қаржылай және құқықтық қолдау көрсету, инновациялық қызметті жандандыру, инновациялық проблемаларға тән өңірлердің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік проблемаларын шешудің жаңа формаларына өту қажеттігі өңірлік басқару органдарынан өңірдегі инновациялық қызметті басқару мен дамуына қатысты жауапты саясат дайындауды, аталмыш проблемалар бойынша өңірлік басқару органдарының федералдық органдармен өзара әрекеттерін жандандыруды талап етеді. Біздің ойымызша, мұндай өзара әрекет етудің негізгі формасы ғылыми–техникалық бағдарламалар: халық шаруашылығының басым проблемалары өңірлердің ғылыми–инновациялық әлеуетінің негізінде, ал өңірлік  проблемалар мемлекет пен өңірдің үлескерлік қаржыландыруымен шешілетін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік болуы тиіс.

Инновациялық экономиканы  қалыптастыру жөніндегі өңірлік инновациялық саясатты сәтті жүзеге асыру үшін, автордың пікірі бойынша, олардың негізгілері төмендегілер болып табылатын ғылыми және ұйымдастырушылық–техникалық шаралар кешені орындалуы тиіс:

1. Ұзақ мерзімді стратегиялық  мақсаттар мен инновациялық экономиканың  қалыптасуы аясында оларға қол  жеткізу үшін қажет қаражатты  анықтай отырып, өңірдегі инновациялық қызметті және инновациялық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын дайындау.

2. Өңірдің инновациялық  даму мақсатына қол жеткізуге  бағытталған ресурстар, атқарушылар  және мерзімі бойынша шаралар  жиынтығын көрсететін адрестік  құжат болуы тиіс өңірдің инновациялық даму бағдарламасын дайындау.

3. Өңірді инновациялық  дамыту бағдарламасының негізгі  ережелерін оның әлеуметтік-экономикалық  даму бағдарламасына енгізу.

4. Жергілікті және  өңірлік басқару органдарының өңірлік маңызы бар тиісті нормативтік актілерді қабылдау және жүзеге асыру жөніндегі, сондай–ақ олардың аталмыш бағдарламаны ұйымдастырушылық және ақпараттық жүзеге асыру бойынша практикалық қызметін ұйымдастыру.

Келесі ережелерді ерекше атап өту қажет деп санаймыз. Инновациялық қызметтің дамуы жағдайында (инновациялық экономикасы бар қоғамда) қоғамның негізгі өндіруші күші, жоғары өнімді еңбектің иесі – жоғары интеллектуалды адамға деген қатынас мүлдем өзгеруі тиіс.

Инновациялық экономикада  жоғары білікті мамандардың рөлі өте жоғары және үнемі өсіп отырады. Сондықтан, біздің артқан «үлкен сеніміміз» бойынша, инновациялық үдерістерді тиімді басқара алатын, инновациялық жобаларды дайындап, енгізе алатын кадрларды дайындау өңірлік және федералдық басым проблема болып табылады. Осыған байланысты инновациялық дамуға деген объективті қажеттілік, инновациялық экономиканың қалыптасуы кадрларды дайындаудың жаңа тұжырымдамасын дайындауды қажет ететіндігін айта кеткен жөн. Автордың пікірі бойынша, оның негізінде мынадай принциптер болуы тиіс:

шығармашылық тұлғаның қалыптасуы, дамуы және өзін-өзі  қалыптастыруы;

келешекті ғылыми–техникалық жаңа енгізілімдерді іздестіруге және инновацияда жүзеге асыру жолдары мен әдістерін табуға үнемі бағытталу;

инновациялық қызметтің  жоғары білікті және жоғары интеллектуалды мамандарын, жүйе менеджерлерін дайындауға бағытталу;

кадрларды өндірістік үдерістің  құрамдас бөлігі ретінде оқытуды  және дайындауды, ал кадрларды дайындауға кететін шығыстарды жұмысшыларға кететін  шығындар емес, өңірлердің, салалар  мен кәсіпорындардың гүлденуі үшін қажет ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде қарастыру;

ғылымды қажетсінетін жаңа енгізілімдерді жасау үдерісіндегі әлеуметтік және психологиялық аспектілерді басқаруға, ұжымның шығармашылық әлеуетін инновациялық әзірленімдердің тәжірибеге тез арада кең ауқымды енгізілуінде пайдалануға үйрету;

инновациялық өнімдер  өндіру жүйесіне интеграцияланған үздіксіз білім беру және кадрлардың біліктілігін арттыру жүйелерін жасау;

Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы