Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

Содержимое работы - 1 файл

Инновация каз.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

Инновациялық процестерді ұйымдастырудың 3 түрі белгілі:

1. Дәйектілікпен ұйымдастыру. Бұның мақсаты инновациялық әрекеттер кезекпен түрлі бөлімдерде іске асырылады. Артықшылығы: қаржылық тәуекелді төмендетеді, зерттеу жұмыстарын бақылауды оңайлатады. Кемшілігі: жаңа өнімдер жасауды және инновациялық процестерді созып жібереді.

2. Қатар ұйымдастыру. Инновацияның  кезеңдерінің бір бөлімінде аяқталуын  талап етпейді, себебі ол бір уақытта бірнеше бөлімде іске асуы мүмкін. Артықшылығы: инновациялық үрдістің іске асу уақытын қысқартады. Кемшілігі: қаржылық тәуекел деңгейі жоғарылайды.

3. Интегралды ұйымдастыру. Бұл  уақыт бойында жаңа тауар мен  қызметтерді жасауға байланысты  жұмыстарды біріктіріп, қатар жүргізуге  негізделген. Мұнда белгілі жұмыс  бағдарламалары бар мамандандырылған адамдар топтары құрылады. Артықшылығы: инновациялық процестің іске асу уақытын қысқартады; инновациялық шаралардың біртұтас тізбегі құрылады; өзгерістерге оперативті жауап беру мүмкіндігі артады; инновациялық процестердің барлық қатысушыларының белсенді әрекеттерге жағдай жасай отырып, олардың іс–әрекеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Осы көрсетілген инновациялық әрекетті ұйымдастырудың формаларын таңдау және оны іске асыру инновациялық шаралардың мақсаттарына, міндеттеріне және көлеміне байланысты.   

Қазіргі таңдағы нарықтық орта технологиялардың үзіліссіз дами отырып, жаңа қажеттіліктерді  қалыптастыра және байланысқан технологиялық  тізбекті түрлендіре отырып, нарықты  өзгертуімен сипатталады. Бұл орайда өзгерістер жылдамдығы дәстүрлі басқару әдістеріне де ықпал еткендігі сөзсіз. Бүгінгі таңда сұраныс пен эволюциялық дамуға байланысты әрекет ету жеткіліксіз – жаңа ғана туындап отырған қажеттіліктерді елеп үлгеріп отыру қажет, өйткені қаржылық және өндірістік тұрғыдан ең күшті деген компаниялардың өзі бір жылға кешіккен жағдайда, көшбасшылық үшін, немесе тіпті нарықтағы өз үлесін де сақтап қалуға үлгермей жатады. Бұл жағдайда озық компаниялар ретінде барлық нарықтық және технологиялық тенденцияларды мүқият зерделейтін, осы өзгерістердің бойындағы мүмкіндіктер мен қатерлерге шығармашылық тұрғыдан жауап бере алатын, үнемі жаңа идеялар мен өнімдерді қолдайтын және оларды жаһандық ауқымды ескеру негізінде  жылдам әрі тиімді қолданатын компаниялар табылады. Ал технологиялық өзгерістерге селк етпейтін немесе оларды баяу қолдайтын компаниялар  ғылыми зерттеу және тәжірибелі–конструкторлық жұмыстарына (ҒЗТКЖ) байланысты өспелі шығындардың құрбаны болып қала береді [10-20].

Pricewaterhous Coopers  (PWC) жүргізген  ауқымды статистикалық зерттеу  бойынша 355 ірі компанияның экономикалық қызметіне талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері инновацияларды қолданатын компаниялар өз бәсекелестеріне қарағанда жылдамырақ жұмыс істейтіндігі әрі пайданың жоғары көрсеткіштеріне ие екендігі туралы дәйекті бекітті. Басшылардың айтуынша, инновациялар олардың компания қызметінің басымды бағыты болып табылады және бизнеске елеулі оң әсерін тигізеді екен [24]. Сонымен қатар, PWC зерттеулері келесі заңдылықтардың анықталуына мүмкіндік берді:

инновациялық қызметті жүзеге асырушы компаниялардың (инновациялық компаниялардың) капитал акционерлері үшін жиынтық табыстың орташа мөлшерден  асып кетуі (жылына 37%–дан жоғары) инновациялық компанияларға инвестициялардың құйылуы сала бойынша түсетін орташа пайдадан да едәуір жоғары пайда әкелетіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді;

инновациялық компаниялардың айналымының 75%–дан астам бөлігі соңғы бес жылда олардың нарыққа енгізген тауарлары мен қызметі есебінен болған екен. Басқаша айтқанда, озық инновациялық компаниялардың пайдасы инновациялар есебінен қалыптасады.

Инновациялар әмбебап  бәсекелестік жетістік болып табылады – олар ұйымдарға әлем бойынша бәсекелестік күресте жеңіп шығуға және өте жоғары пайда әкелуге көмектеседі.

Бір қызығарлығы, ірі  халықаралық компаниялары топ-менеджерлерінің  басым көпшілігі инновациялардың  пайда көрсеткіштерінің өсуін қамтудағы  негізгі рөлімен келіссе, дегенмен де өздерінің инновациялық қызмет нәтижелеріне қанағаттанатындары да көп емес. Boston Consulting Group компаниясының 1070 ірі корпорацияларға жүргізген жаһандық зерттеуінде «... компаниялардың басым көпшілігі инновацияларды өздерінің жетістікке жетуінің, тіпті нарықта орнын сақтап қалуы үшін аса маңызды факторы деп санап, және ол үшін ақша төлеуге де дайын. Десек те, олардың көпшілігі инновациялардан жеткілікті мөлшердегі инвестициялық қайтарым алатындығына күмәнді» деп айтылғанды. Бұл құбылысқа себептердің көп болуы мүмкін. Мүмкін, менеджерлер инновациялық қызметте дұрыс емес әдістерді қолданатын шығар. Келесі бір себеп мақсаттардың қате қойылуы немесе инновациялық қызметті бағалау үшін көрсеткіштер жүйесінің дұрыс емес таңдалуында болуы мүмкін. Осы тұрғыда маңызды сұрақтар реті туындайды: Инновациялық компаниялар жетістікке қалай жетеді? Өз компанияларын инновациялық компанияға айналдыру үшін инновациялық менеджерлер қандай әдістер қолданады? Қазақстандық топ–менеджерлер инновациялық басқару әдістерін қолдана ма?

Компания инновациялардан  қайтарым алуы тиіс, ал ол үшін компанияда нақты инновациялық орта құру және осы ортаны дұрыс басқару қажет.Бұл  жағдайда фирманың технологиялық саясаты  мен оның қызметінің басқа да жақтары  арасындағы өзара тәуелділіктері  ескерілуі тиіс: меншік байланыстары, құрылымдық саясат , қаржылық жүйе және т.б.  

Қазіргі заманғы ортада компаниялардың технологиялық жаңалықтарды енгізу қабілеті олардың бәсекеқабілеттілігінің негізгі көзі болып табылады. Жалпы түрде технология дегеніміз ғылыми–техникалық, өндірістік, басқарушылық және коммерциялық білім мен тәжірибе.

Ұйымның немесе кәсіпорынның технологиялық саясаты – бұл  қағидалар мен әрекеттер (қызмет әдісі) жиынтығы негізінде жаңа өнімдер  мен технологиялық процесстердің  таңдалуы,  өндірілуі және енгізілуі.  Фирманың технологиялық саясатының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

елдегі және әлемдегі, сонымен қатар жалпы технологиялық  даму бағыттарындағы ғылыми-зерттеу жетістіктерінің мониторингі;

компания персоналының білім алу және біліктілік деңгейін үнемі жоғарылатуды ынталандыру;

инновацияларға қолайлы жағдай туғызушы факторларды анықтау;

үздіксіз инновациялық үрдісті жүзеге асыруға  ыңғайлы ұйымдық құрылымды қалыптастыру , персонал уәждемесін қамтамасыз ету;

ҒЗТКЖ жүргізу бойныша компанияның әртүрлі бөлімдерінің әрекеттерінің өзара келісіліп жүргізілуіне қол жеткізу және  реттеу.

Технологиялық саясат фирманың екіжақты жаһандық мақсатына қызмет етеді – біріншіден, тәуекелділіктерді төмендету және нарықтық үлесте аман қалу, екіншіден, өз қызметінің тиімділігін жоғарылату, көбірек пайда табу.

Технологиялардың  дамуы – фирманың экономикалық өсуінің  негізгі қозғаушы күші. Соңғы он жыл ішінде технологиялық дамудың келесі заңдылықтары пайда болды:

жаңа технология бір  өзі ғана емес, өзгелермен байланыста пайда болады;

технологиялардың әрбір  бумасы (жиынтығы) бірін–бірі өзара толықтырушы базалық технологиялардан тұрады;

әрбір базалық технология – көптеген қолданбалы технологиялардың ядросы;

қолданбалы технологиялар  қолданыстағы өндірісті модернизациялау үшін қолданылады, және ескеретін жәйт, фирмадағы жаңа технологияларды қолданбау ерте ме , кеш пе басшылықтың ауысуына әкелетіні сөзсіз.

50–60–шы жылдардағы экономикалық төңкеріс мұнайдың қайта өңделуіне негізделген технологиялардың жиынтығымен байланысты еді және кең қолданылыс тапқан пластмасса, жасанды талшық, пестицидтер және басқа да айрықша өнімдер өмірге келді. 77–ші жылдары жаңа технологиялық қадам жасауға көптеген уақыт және күш жұмсалды және 80–ші жылдардың басында технологиялық революцияның алғашы жемісі болған жаңа өнімдер пайда болды.

Жаңа кезеңнің ерекшелігі 50–60–шы жылдардағыдай технологияның бір жинағы ғана емес, ақпараттық- коммуникациялық, биотехнологиялық және жаңа материалдармен байланысты өнімдер сияқты үш технологиялық жинақтардың пайда болуымен сипатталады. Мұның нәтижесі ретінде кәсіпкерлер жаңа технологиялармен жылына бірнеше мәрте кезігіп жатады.

Қазіргі заманғы технологиялық  даму үлкен тарихи бесінші циклдың  орта шеніне жақындап келеді (оның уақыт  аралығы 1990–2040 жж.) және ол келесі сипатқа ие:

компьютерлік революция;

жаһандық телекоммуникациялық  тораптардың қалыптасуы;

интернет – технологиялардың экономикалық қолданысының өсімі.

Бұл цикл болжау кезеңінен  кейінгі мерзімде  аяқталмақ. Осы  орайда  нано–, био– және ақпараттық технологиялардың конвергенциясы басталды десек, бұл үрдістермен әртүрлі технологиялардың өзара енуі шектелмейтіндігі сөзсіз.

Соңғы уақытта жаңа әрі  келешегі зор технологиялардың ішінде биоинформатиканы атап өтуге болады. Биоинформатиканың молекулярлық биология, генетика, физиология, математика, информатика, физика және химия синтезі негізінде құрылуы оның конвергенттік табиғатын айқындайды және болашақтағы ірі жетістіктердің пайда болуының болжамын жасауға мүмкіндік береді. Бұл саладағы жетістіктер денсаулық сақтау, ветеринария, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік технологиялар саласында едәуір алға жылжуға, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қайта қалпына келтіруге ықпал етеді.

Биоинформатика әдістері түрлі деңгейдегі: геном, жасуша, организм жасушалары арасындағы өзара байланыстар, жалпы популяция сияқты биологиялық ақпараттарды сақтау, беру, және жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар, әдетте қәдімгі сынақта үнемі ескеруге мүмкін емес заңыдылықтарды анықтауға, гендер мен ондағы жасырынған ақуыздар  атқарымдарын алдын-ала білуге, жасушадағы гендердің өзара әрекет етуінің үлгісін құруға, дәрі–дәрмектер ойлап табуға мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда,  Өмір туралы ғылым ақпараттық технологиялар үшін массалық сұранысты жасау және ынталандыруға арналған жаңа әрі клешегі зор бағыт ашып берді. Интернэшнл Дейт Корп. бағалау нәтижелері бойынша  2002 жылдың өзінде–ақ «био–фарма» саласына негізделген әлемдік ақпарттық технологиялар нарығы 14,6 млрд. долл. құраған екен. Эксперттердің пайымдауынша, бұл нарық жыл сайын кем дегенде 19–25%–ға дейін өсіп отырады.

Нанотехнологиялардың  болашағы. Қазіргі таңда көптеген Қазақстандық және шетелдік мамандардың пайымдауынша алдағы 10–20 жыл ішінде ірі технологиялық жаңалықтар нанотехнологиялардың қолданылуына сүйенетін пәнаралық бағытпен байланыстырылады.    Бұл бағыт экономика және басқа да қоғамның өмір сүру саласына әсер ету ауқымы бойынша уақыт өте ақпараттық және биотехнологиялармен қатар жүреді деп күтілуде [50]. 

Ең алғаш рет «нанотехнология» термині молекулярлық технологиялардың жалпы сипаты ретінде 1986 жылы Массачусеттік технологиялық институтында пайда болған.

 «Нанотехнология» термині өзара әрекет етуші нысандардың көлемі мен олардың ара қашықтығын айқындайды. Нанометр (нм) – бұл метрдің миллиардтан бір бөлігі, яғни бір миллиметрден миллион есе кіші қашықтық.

Нанотехнологиялардың  өнеркәсіпте тәжірибелік қолданылуы ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан  басталды. Бүгінгі күні оларға негізделген  беткі сапаны бақылау әдісі DVD – дискілері мен көру линзалары өндірісінде қоланылады. Мамандар нанотехнологиялардың қолданылу ауқымдылығының күннен-күнге кеңеюі келешекте экономика мен басқа да салалардың дамуына күшті әсерін тигізу мүмкіндігі аясында  өте кең ауқымды талқылаулар жүргізуде. Эксперттердің пайымдауынша, келесі бағыттар аса қызығушылық тудыруда :

Өңдеу өнеркәсібінде  нанодиапазонда молекулалардан бақыланатын  көлемдегі конструкциялық блоктарды  синтездеу  және  олардан алдын  ала берілген атқарымдары мен  қасиеттерімен сай әлдеқайда  ірі құрылымдар жинақтау мүмкіндігі күтілуде. Бұл әлбетте, материал өндірісінде, соның ішінде табиғатта аналогы жоқ материалдардың пайда болу революциясына әкелері сөзсіз. Мысалы, кеспелі құралдарға арналған аса төзімді жабулардың ойлап табылуы және электроника мен химия өнеркәсібінде түрлі технологиялық қосымшалардың құрылуы күтілуде.

Нанотехнологиялардың  дамуының  тағы бір келешегі зор  бағыттарының біріне молекулярлық ассемблердің құрылуын жатқызуымызға болады. Молекулярлық ассемблер – бұл дайындалған молекулярлық қоспадан  тапсырылған қасиеттерімен жаңа құрылымдарды жинақтау бойынша атқарымдарды орындай алатын құрылғы. Мұндай ассемблер полимерлі органикалық молекулалардан дайындалады. Ассемблер жұмысын бақылау құрылғы ішіндегі инертті газдардың қысымын туындататын және соның негізінде оның әрекеттерін бағыттайтын компьютерді басқаратын қозғаушы акустикалық сигналдардың көмегімен жүзеге асырылады. Келешекте осындай ассемблерлерді басқару мақсаты үшін арнайы молекулярлық компьютерлердің қолданылуы қарастырылуда.

Наноэлектроника мен  компьютерлік технология саласында миниатюризациялаудағы елеулі прогресске  (2010 жылға  100 нм мөлшеріне дейін) қол жеткізілуі мүмкін, яғни кірістегі белгі берушілер (мәлімет айқындағыштар), логикалық және есте сақтағыш құрылғылар, дисплейлер және мәліметті тасымалдағыш құрылғылар сияқты мәліметтерді өңдеу бойынша құралдар мен құрылғылардың жылдамдығы мен өнімділігін жоғарылату. Нанотехнологиялардың көмегімен олардың белсенді жартылай өткізгіш элементтерін одан әрі миниатюризациялау, сонымен қатар соңғыларын үш өлшемді (көпқабатты) құрылымдарға біріктіру негізінде жоғарғы деңгейдегі күрделі атқарымдылығы бар  интегралды сұлбалардың жинастырылу бағыттары талқылануда. Алтынның беткі қабатына енділігі бірнеше ондық молекулалардан тұратын сызықтарды жүргізуге болатын аса дәлді литографияның жаңа әдістерінің  пайда болуы мүмкін.

Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы