Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

Содержимое работы - 1 файл

Инновация каз.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арқылы (іргелі және қолданбалы зерттеулер) және “Ғылым қоры” арқылы (қолданбалы сипаттағы бастамашылық және тәуекелді ғылыми зерттеулер) есебінен жүзеге асырылады, сондай–ақ ғылымның нақты сектормен бірігуіне қолдау жасауға тиіс даму институттары арқылы жүреді.

Инновациялық қызметті қолдау институттары арасындағы “Ғылым қорының” рөлі ғылыми жобаларды алғашқы  деңгейлерде қолдау, дамыту және ғылыми зерттеулерді тәжірибелі–өндірістік деңгейге дейін жеткізумен ерекшеленеді. “Ғылым қоры” инновациялық процестер құрылымындағы ғылыми ұжымдар, ғалымдар және бизнес әзірлеген іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Алматы қаласында үстіміздегі жылдың 6 қаңтарында “Алатау” ақпараттық технологиялар паркінде өткен “Ғылым және инновациялар – 2009” көрмесінде  “Парасат” холдингі ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған қазақстандық ғылыми–технологиялық  әлеуетті жүзеге асыру механизмін көрсетті. Осы механизмді ұлттық деңгейде тарату ұсынылды, оның маңыздылығы мынада:

бірінші кезең – өнеркәсіптік кәсіпорындарда технологиялық аудит  өткізу арқылы өнеркәсіптің ғылыми–техникалық қажеттіліктерін айқындау;

өнеркәсіптің ұсыныстары негізінде уәкілетті мемлекеттік органдар республикалық ғылыми-техникалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында мемлекеттік тапсырмалар қалыптастырады;

осыдан кейін  “Парасат”  холдингінің ғылыми ұйымдары және оның серіктестері ғылыми-зерттеу тәжірибелі–құрылымдық жұмыстар жүргізеді.

Сонымен бірге “Ғылым қоры” осы механизмде тәжірибелі–конструкторлық  әзірлемелерден бастап соңғы ғылыми ауқымды өнімнің шығуына дейінгі жұмыстарды қаржыландыруға тартылған.  Аталған механизмнің негізгі құралы – елдің экономикасындағы ғылыми ұйымдар мен нақты сектор кәсіпорындарының серіктестігі болып табылады.

Мемлекеттік  жеке меншік серіктестігін пайдаланудың бір  куәсі Қарағанды облысының Теміртау қаласында пайдалы қазбаларды шығарған кезде кен қазу кәсіпорындары  пайдаланатын минералды негіздегі ампулаларды шығару бойынша 2008 жылдың желтоқсан айында бірегей өндіріс кешенін ашу болып табылады. Бұл бірлескен жоба “Жерді кешенді игеру мәселелері институты” ЖШС мен “Ғылым қоры” қаражаттарының, еңбегінің жемісі. Өндірістік кешен жылына екі миллион дана ампула шығарады, бұл Қазақстан Республикасының ұқсас өнімнің 30%–ға дейінгі рыногын және Ресей Федерациясының 5%  рыногын қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен, “Ғылым қоры”  нақты мүдделі тұтынушы үшін дайын  өнім алуға және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге бағытталған инвестициялық жобаларды қалыптастыру мәселесін шешеді.  Бұл мақсатта “Ұлттық инновациялық қор” АҚ, “ҚазАгроИнновация” АҚ, “Атамекен одағы” Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасымен, “Сарыарқа”, “Каспий”,  “Жетісу”,  “Оңтүстік” әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорацияларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Меморандумға қол қою  жоғары технологияларды коммерциялау және дамыту болашағы бар инновациялық жобаларды қаржыландыру бойынша  қолайлы және пайдалы шешімдер іздеуге бағытталған. Осы уақытта  “Оңтүстік” ӘКК мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары әзірлеген жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігі туралы жұмыс жүргізілуде.

Ғылымды тұрақты қаржыландыру жағдайындағы қызметінің өткізілу шарттары ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қатарында 16 министрлік-әкімшіліктері ғылыми-техникалық қаржы бағдарламасын жүзеге асырушы болып табылады.

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің 2009 жылғы  барлық әкімшілік қаржыландыру бағдарламасының  қаржысы – 18 543 855,0 мың теңге құрайды (2009 жылғы ЖІӨ – 0,11% құрады, ал 2008 жылы ЖІӨ – 0,13%), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша: 055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасына қарасты 2009 жылы – 8 586 622,0 мың теңге, соның ішінде: іргелі ғылыми зерттеулерге – 3 081 773,0 мың теңге; қолданбалы ғылыми зерттеулерге – 5 048 183 мың теңге; күрделі ғылыми ұйымдастырудың шығыстары – 456 666 мың теңге  (кесте 1.1).

ҚР БҒМ 2009 жылдың соңында 055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы бойынша игерілуі 100%-ды құрады.

2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылда 055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасының қаржыландыруы 1 703 852 мың теңгеге өсті.

2009 жылы 014 «Қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасына – 125 054 мың теңге бөлінген.

2010-2012 жылдарға республикалық қаржыдан 5 000 000 мың теңге гранттік қаржыландару әр жыл сайын қарастырылған.

 

Кесте 1.1 – Ғылымды  қаржыландыру, млн.теңге

Атаулары

2006

2007

2008

2009

Әкімшілік ғылыми бағдарламаларының ғылыми зерттеулерінің шығыстары

 

14181,70

 

17038,9

 

18690,2

 

16904,3

ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерінің шығыстары

7239,00

9049,00

10197,10

8586,60

Сонымен қатар:

Іргелі ғылыми зерттеулер

 

2435,20

 

3518,00

 

2861,70

 

381,70

Қолданбалы ғылыми зерттеулер

4315,00

3330,60

4072,30

5048,20

Күрделі трансферттер

488,8

843,4

3273,10

456,7


 

2008 жылы жарияланған  жобаларды қаржыландыруға және 2008 жылдың 31 шілдесінен бастап тұрақты  негізде қаржыландырудың қайтарым механизмдеріне өтінімдер қабылдау конкурстары нәтижесінде “Ғылым қорына” 18 378,4 миллион. теңге сомасына 197 өтінім келіп түсті, оның ішінде 129 өтінім 1 956,4 млн. теңге сомасындағы грантты қаржыландыруға түсті. 2008 жылы 12 жобаны қаржыландыруға “Ғылым қоры” 430,1 млн. теңге бөлді. 2008 жылы 59%, 2008 жылы қаржыландырудың жалпы көлемінде 59 пайызын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына инвестициялар құрады, 11% – қарыз беру және қаржыландырудың жалпы сомасынан 30% гранттар беру арқылы жүзеге асырылды [10, 19]. 

“Ғылым қоры” инвестициялық  қызметтің басым бағыттары ретінде  Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми–техникалық комиссия белгілеп қаржыландырған жобалар көмірсутегі және кен-металлугрия салаларына арналған технологиялар, нанотехнологиялар және жаңа материалдар, биотехнологиялар мен ақпараттық технологиялар салаларынан ұсынылған.  Мемлекеттің жеке меншік капитал мен ғылыми–техникалық салалардағы серіктестігі ғылымның нақты сектормен интеграциялануына және салынған қаражаттардың нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан қоғамының  ырғақты дамуы мемлекеттің экономикалық бағытына елеулі өзгертулер енгізумен  қоса–қабат жүруде. Ағымдағы модернизациялаудың үдерістеріне өзгерістер енгізіліп қана қоймай, сонымен бірге реформалау тұжырымдамасының мазмұнын сапалық тұрғыда жаңарту ісі де жүзеге асырылуда.  Өндірісті қалпына келтіруге, нарықтық жағдайларға көшуге байланысты болған экономикалық құрылыстың бірінші сатысы әлемдік рынокта неғұрлым сұранысқа ие шикізат секторын іс жүзінде қайта түлетті. Таяу жылдарда әлемдік конъюнктурада міндетті түрде орын алатын тербелістің оның экономикадағы жетекші рөлін күшейте түсетініне еш күмән жоқ.

Шикізат секторының ұлттық экономиканың құрылымдарын прогрессивті түрде қайта жаңғыртуға қуатты әлует болатын айтарлықтай қаржы ресурстарын жинақтаудағы өсе түсіп отырған оң ықпалы көзге көрініп-ақ тұр. Сонымен бірге, отандық шаруашылықтың минералдық–шикізаттық бағдарының күшейе түсуі таңдап алынған басымдықтарды әлсіретуге апарып соқтыруы да мүмкін. Шикізат секторы іс–әрекетінің уақытпен шектеулі екені ескеріліп, елде жаңа экономикалық бағыттың негізгі өзекті элементтерін қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнінен кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Ол отандық индустрияның жетімсіз тұрған, әсіресе өңдеуші өндірістегі, қызмет көрсету саласын дамытудағы, жоғары технологиялы, инновациялық жаңа экономиканың іргетасын қалаудағы олқы буындарды толықтырудан тұрады. Осынау тұжырымдамалық шешуші проблемалар 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған индустриялық–инновациялық даму стратегиясында нақты баяндалған.

Ал, инновациялық бағдарлама болса осы ұстанымды нақты  іс жүзіне асыруды көздеп отыр. Бағдарлама парақтарына үңіле отырып, инновациялық индустрияландыру міндеттерін орындау  үшін нақты мүмкіндіктерді негізге  алу қажеттігін байқаймыз. Бұл үшін Үкімет өз күш-жігерін басым бағыттарға шоғырландыруы қажет. Оның алғашқысы – агроөнеркәсіптік кешен және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу. Азық-түлік тауарларына деген сұраныстың өсуін және бағаларының артуын ескере отырып, аграрлық сектор технологиялық қайта жарақтандыруға және кең ауқымды жаңғыртуға қайта бағдарланады. Өйткені, сектор экономиканы әртараптандыруға және экспортқа нақты үлес қосады. Басты міндет – 2015 жылға қарай ауылшаруашылық өнімдерінің үлесін экспорттың жалпы көлемінде 8 пайызға дейін жеткізу. Аталған және басқа жобалардың есебінен агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы қосылған құны ең таяудағы уақыттарда кем дегенде 16 пайызға ұлғайтылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. 
            Құрылыс индустриясын дамыту және материалдар өндіру екінші басым бағыт санатында. Бұған дейін елімізде құрылыс материалдарын шығаратын 45 жаңа зауыт іске қосылды. Мұның өзі 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бағдарламаға сәйкес 2015 жылға қарай ішкі өндіріс есебінен нарық тұтынысының 80 пайыздан астамы қанағаттандырылуы тиіс. Құрылыс кешенінің жалпы қосылған құны кем дегенде 76 пайызға ұлғайтылады. Мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту да маңызды. Металлургияны дамыту және дайын металл өнімдерін шығару саласында 2015 жылға қарай металлургия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру мен экспорттау көлемін екі есе ұлғайтуды қамтамасыз ету міндеті тұр. Қайта өңдеуді тереңдету және жаңа бөліністі құру есебінен металлургияның жалпы қосылған құны кем дегенде 107 пайызға өсуі тиіс. Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін жедел дамытылады. Сайып келгенде, жоғарыда аталған басым бағыттар бойынша барлық ресурстарды теңдестіре жұмылдыру экономикаға 7 триллион теңгеден асатын жылдық қосылған құн құруға мүмкіндік береді. Алға қойылып отырған міндеттің бүгінгі бағамен есептесек, бұл іс жүзінде ұлттық өнімнің 50 пайызын құрайды. Ал мұның өзі алға қойылып отырған міндеттің Қазақстан экономикасы үшін қаншалық мән–маңызы бар екенін айқын көрсетсе керек.

Өндірістің осындай жоғары қарқынмен өсуіне ішкі және сыртқы рыноктардағы жағдайдың жақсаруы себеп болса, екіншіден осыған сай ел үкіметінің әлемдік дағдарысқа қарсы жасаған іс–қимыл бағдарламасының тиімділігі және индустрияландыру картасына кіретін жаңа өндіріс нысандарын іске қосу үрдісінің үлкен ықпал еткендігі анық. Мәселен, 2010 жылғы қаңтар–қазан айларындағы еліміздің сыртқы сауда айналымы 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 43,1 пайызға артса, тауар экспорттау көлемі 52,6 пайызға көбейді.

Елімізді индустрияландыру кезеңінің алғашқы бесжылдық міндеттерін айқындаған 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық–инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың ел экономикасының әлеуетін көтеруге қуатты қарқын беретіндігі даусыз. Оны осы бетбұрысты кезеңнің алғашқы жылының нәтижелері айқын көрсетіп отыр. Атап айтқанда, 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде жалпы құны 381 млрд теңге болатын 72 жаңа инвестициялық ірі жоба іске қосылып, 12 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ал екінші жартыжылдықта, еліміздің бас мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасымыздың өзі сәттілік тілеп, бір мезетте жалпы құны 450 млрд теңгеден асатын 80 ірі индустриялық нысанның тұсауын кесті. Бұл – тағы да 12 мың жаңа жұмыс орны іске қосылды деген сөз. Сөйтіп, индустрияландыру бесжылдығының алғашқы жылында республикада жалпы құны 800 млрд теңге болатын 152 ірі индустриялық–инновациялық жоба іске қосылды.

Индустрияландырудың алғашқы  қарлығаштары қатарында Ақмола облысындағы  жылына 60 миллион керамикалық кірпіш шығаратын зауытты, Ақтөбе облысындағы «Син–ойл» ЖШС–ның мұнай өнімдерін өңдейтін кешенін, Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен титан–магний комбинаты» АҚ–тың титан құймаларын және балқымаларын шығаратын зауытын, Жамбыл облысындағы «Жаңатас» металлургиялық комбинаты» ЖШС–ның болат қорыту өндірісін, Қостанай облысындағы макарон өнімдерін шығаратын өндірісті, Қызылорда облысындағы асфальт–бетон зауытын, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Леонов» шаруа қожалығының 320 бас сауын сиырға арналған сүт кешенін және басқаларды атап айтуға болады.

Соңғы жылдары мұнай, газ және тау-кен өнімдерін өндіру қарқынының үнемі өсу үстінде  екені байқалады. 2010 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнай саласы бойынша жалпы өсім 104 пайыз болса, оның ішінде бензин өндіру көлемінің өсімі – 114,4 пайыз, дизель отыны – 109,7 пайыз, мазут – 119,3 пайыз, авиакеросин – 4,1 пайыз болды. Есепті мерзімде газ өндіру көлемі 37,5 млрд текше метрге жетті. Ал тау–кен өндірісі бойынша 2010 жылы жалпы өсім – 105,7 пайыз болды. Оның ішінде көмір өндіру көлемі – 9,7 пайыз, табиғи газ – 3,6 пайыз, темір рудасы – 9 пайыз, мыс рудасы – 4,1 пайыз өсті. Бұрындары кенжелеу қалған қайта өңдеу өнеркәсібінің былтырғы даму қарқыны көңіл қуантарлық. Атап айтқанда, былтырғы 11 айда бұл саланың өсімі 2009 жылдың сәйкес мерізімімен салыстырғанда 18,8 пайызға артты. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерін өндіру 113,8 пайызға, тоқыма өнімдерін шығару – 130,3, мұнай өнімдерін өндіру – 113,1, химия өнеркәсібі – 137,6, металлургия өнімдерін шығару – 148,7 және мәшине жасау 158,8 пайызға артқан [58, 60-62].

Мұхиттың арғы бетінде  ипотекалық несие саласынан бастау алып, әлемді шарпыған қаржы дағдарысы  бізде де алдымен құрылыс индустриясын тұралатқаны белгілі. Дегенмен үкімет тарапынан дер кезінде жасалған қолдау шараларының нәтижесінде еліміздің құрылыс саласы құлдыраудан аман қалды. Былтырғы қыс айларынан бастап отандық құрылыс индустриясында даму ырғағы байқалды. Құрылыс жұмысының көлемі өткен жылдың 11 айында 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,2 пайызға өсті. 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында мемлекет тарапынан құрылыс сала¬сына 278,5 миллиард теңге қаржылық қолдау көрсетілді. 2007 жылдан бастап үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан құрылыcты жандандыру мақсатында мемлекет тарапынан барлығы 505,809 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен және үкімет қорынан 265,809 млрд, Ұлттық қордан 240 млрд теңге қаржылық көмек көрсетілді. 
Еліміздегі тұрғын үй құрылысының 2008–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қорытындыларына сүйенер болсақ, осы есепті кезең ішінде шамамен 19,6 млн шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 2010 жылы 6,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш – үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламаларының арқасында тұрғын үйдің жаңа алаңдарын пайдалануға беру көлемінің күрт төмендеуіне жол берілмегендігінің айқын дәлелі. Сондай–ақ еліміздің 2010–2014 жылға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық–инновациялық даму бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы одан әрі дамытылатын болады. Осыған орай тұрғын үй құрылысын дамыту қарқынын сақтауға мүмкіндік беретін тетіктің бірі болып табылатын тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту мәселесіне де басымдық берілмек. Самұрық–Қазына» ұлттық әл–ауқат қорының жетекшілігімен үлескерлік тұрғын үй кешендері бойынша құрылысты қолдау 3 тетік арқылы жүзеге асырылды. 2010 жылы бөлінген 200 млрд теңгеге 164,4 млрд келісім–шарт жасалып, 137,4 млрд теңге қаржы игерілген. Бөлінген қаржы 52 нысан құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 11 870 үлескер мәселесі шешіліп, бұған қосымша 10 832 үй салынған. Оның үш мыңға жуығы жылжымайтын мүлік қорын жалға беру бағдарламасы аясында беріледі. Ұлттық әл–ауқат қорының осылайша жылжымайтын мүлік саласында қолға алған іс–шаралары өзінің оң нәтижесін берді. Отандық тауар өндірушілерді қолдап, үлескерлер арасындағы қоғамдық қобалжудың алдын алған қордың өткен жылғы таза кірісі 986 млн теңгені құрады. Сонымен қатар жалға алу арқылы кейін жеке меншікке алуға мүмкіндік туатын үйлерді сату ісі де былтыр сәуірден бастап қолға алынды. Дағдарыстан кейінгі еліміз экономикасы жандануының және оған тікелей мұрындық болған Елбасымыздың тікелей бастамасымен іске қосыла бастаған инвестициялық жобалар үдерісінің зор ықпалын көлік және коммуникация саласының дамуынан да айқын көреміз. 2010 жылдың 11 айында тасылатын барша жүк көлемі алдыңғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16,0 пайызға артты. Оның ішінде, теміржол арқылы 241,7 млн тонна жүк тасылып, саланың тасымалдан түскен пайдасы 524,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2009–дың осы мерзімімен салыстырғанда 39,8 пайыз. 
2010 жылдың қыс–жазындағы ауа–райының қолайсыздығына қарамастан ауылшаруашылық еңбеккерлері айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Жаз бойы көк жүзінен нәр тамбай бірқатар аймақтарда қуаңшылық орын алғанымен, мемлекет тарапынан жасалған қаржылық қолдаудың арқасында озық агротехникалық шараларды тиімді қолдана білген диқан қауымы 13 миллион тоннадан астам астық бастырды. 2010 жылдың 1 желтоқсанына дейін еліміз 8,1 миллион тонна астық және ұн экспорттады. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,1 миллион тоннаға артық. Сөйтіп, дәнді дақылдар, майлы дақылдар және басқа да өнімдер бойынша елімізде ішкі сұранысты толық қанағаттандыратын өнім қоры жиналды. Ал мал өнімдерін өндіру көлемі 690,0 миллиард теңгеге жетіп, 2009–дың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,1 пайызға артты. 2010 жылдың 1 желтоқсанында 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ірі қара мал басы 1,0 пайызға артып, 6 493,0 мыңға, оның ішінде сауын сиыр 2 813,9 мыңға, қой 3,7 пайызға артып, 16 083,9 мыңға, жылқы 3,8 пайызға артып 1 563,7 мың басқа жетті. Құс саны 2,0 пайызға артты.

Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы