Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

Содержимое работы - 1 файл

Инновация каз.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

Инновациялық инфрақұрылымның  негізгі міндеті инновациялық өнім өндірумен (қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен) айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсету деп топшыласақ, онда инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мемлекеттің техникалық, технологиялық, экономикалық, қаржы, әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік экономикадағы тұғырын көтеруге де, сыртқы нарықтарға шығып, ондағы өзінің орнын табуға немесе иеленуге де мүмкіндік жасайды деген байламға келуге болады.

Инновациялық инфрақұрылымның  экономикалық маңызы елдің экономикалық даму стратегиясын айқындаумен, қосылған құны жоғары өнімдер өндірумен, шағын инновациялық кәсіпкерлікті жандандырумен және басқалармен анықталады (сурет 1.2).

Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылымының қазіргі  жағдайы әрине республиканың  экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Олардың қатарына әлемдік нарықтағы көмірсутек шикізатына бағаның күрт өсуі, қара және түсті металл өнімдеріне деген жоғары сұраныс, осыған байланысты қаржылық және коммерциялық кәсіпкерліктің қанат жаюы, еліміздегі табиғи ресурстарды игеруге қатысы бар халықаралық байланыстардың нығаюы сынды факторларды жатқызуға болады. Әйтсе де, бұл ерекшеліктер әлі де болса ұлттық экономиканың біржақты дамып отырғанын көрсетеді. Өйткені тек шикізатқа ғана бағытталған экономиканың белгілі бір кезеңде құлдырау қаупі жоғары болатыны белгілі. Бұның салдарын қазіргі кезде орын алған әлемдік қаржы дағдарысынан да байқау қиын емес.

Зерттеу барысында біз  елдегі инновациялық инфрақұрылым оның субъектілерінің өзара байланысқан  түрде тиімді жұмыс жасауына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым ретінде қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал ете алмай отырғандығын анықтадық. Атап айтқанда:

инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы. Бәрімізге белгілі – тәжірибе тек іс барысында шыңдалады, ал инновациялық орта мен инновациялық нарықтың қалыптаспауы инфрақұрылым элементтерінің жетілуіне қол байлау болып отыр;

инновациялық әлеуеті  бар аймақтардың географиялық алшақтығы, осыған сәйкес оларды түгел қамту мүмкіндігінің болмауы. Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан елді–мекендердің бір–бірінен қашық орналасуы олардың арасындағы экономикалық, шаруашылық, ғылыми, өндірістік байланыстарды қарқынды түрде жүруіне қолайлы жағдай туғыза бермейді. Сондай–ақ, еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп салаларының біркелкі дамымауы да инновациялық инфрақұрылым элементтерін кешенді дамытуға мүмкіндік бермеуде;

жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің тым төмендігі және өндірістік сипаты жоқ салалардағы (сауда–саттық, қызмет көрсету, қаржылық сектор, т.б.) табыстылықтың жоғары болуы. Бұл құбылысты экономистер «экономиканың біржақты дамуы» деп атап жүр. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген инновациялардың пайда болуы мемлекеттік емес ұйымдар мен орталықтардың, өндірістердің ықпалынан және белсенділігінен туындайды. Яғни, инновацияның пайда болуына мүдделі топтар белсенділік танытуы тиіс. Ал ұлттық экономикада мұнай–газ, металлургия, отын–энергетика, құрылыс сынды салалардың шектен тыс жоғары табыстылықты қамтамасыз етуі басқа салалардың дамуына үлкен тосқауыл болып отырғаны жасырын емес;

инновацияға бейімді  салалар туралы ақпараттың аздығы. Әдетте, көптеген дамыған елдерде  инновацияға қызығушылығы бар тұлғалар үшін мемлекет инновациялық сипаттағы ақпараттарды таратып, олар үшін жасалған қолайлы жағдайларды туралы кеңестер беру орталықтарын құрады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасында да елдің инновациялық белсенділігін арттыруға, инновациялық қызметтер көрсетуге жауапты ұйым бар – ол ҚР Ұлттық инновациялық қоры.

Әйтсе де, бұл қордың қазіргі  кезде инновация саласының шын  жанашыры болып отырғаны шамалы. Көбіне инновациялық жобаларды қаржыландырумен  айналысып отырған бұл қор  инновацияларға қатысты басқа да ақпараттарды таратуға, олар туралы кеңестер беруге, ғалымдардың қызығушылығын оятуға деген талпыныстары әлі күнге байқалмайды;

елімізде инновациялық нарықтың қалыптаспауы. Басқаша айтқанда, ішкі нарықта инновацияларды дайындайтын  және оларды тұтынатын мүдделі топтардың  және осы бағытта қызмет көрсететін ұйымдар мен орталықтар жүйесінің дамымауы. Қазіргі кезде еліміздегі инновациялық инфрақұрылым  элементтері нақты өндіріспен байланыс жасамай–ақ өздерінің қызметтерін жетілдіргісі келеді. Ал өндіріске икемі жоқ инновациялардың сұранысқа ие болуы да екіталай.

Осы айтылғандарды ескеретін  болсақ, онда инновациялық инфрақұрылымның  ұлттық экономика үшін тиімділігін  қалыптастыратын және нәтижелі жұмыс  жасайтын тетігін қалыптастыру қажеттілігі  туындайды.

Біздің пікірімізше, Қазақстан  Республикасының ұлттық инновациялық инфрақұрылымын ел аумағында инновациялық қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған субъектілердің ғана емес, сонымен бірге инновациялық қызметтің жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын ұйымдардың өзара байланысқан жүйесі ретінде қарастырған жоқ (сурет 1.3).

Соңғы кездері Қазақстан  Республикасының инновациялық даму моделінің өміршеңдігіне қатысты  әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Солардың ішінде ұлттық инновациялық даму моделінің  басқа елдердің модельдерінен көшірілгені, сондықтан да оның еліміздің экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық ерекшеліктеріне дөп келмейтіні жиі алға тартылады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Қазақстан Республикасында  уақыт талабына сай, біздің экономикамыздың  ерекшеліктеріне жауап беретін, ұлттық әл-ауқатымызды өркендетуге мықты серпін беретін өзіндік инновациялық даму моделі әлі де қалыптаспаған. Біз көбіне Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Жапония сынды мемлекеттердің инновациялық даму үлгілерін алып, сол мемлекеттерге тән ерекшеліктерді еліміздің дамуына пайдалануға ұмтылудамыз. Ал мұндай тәжірибенің жемісті және нәтижелі болуы екіталай. Ғылыми тұжырымымызды нақтырақ сипаттау үшін біз әлемнің озық көптеген елдеріне тән инновациялық даму моделі мен оның Қазақстандағы қалыптасу алғышарттарын 1–кестеде келтірдік.

Инновациялық инфрақұрылымның  ұлттық экономикадағы орны мен маңызын  анықтау үшін оның мамандандырылған субъектілерінің қазіргі жағдайы  мен инновациялық белсенділіктері  ғылыми тұрғыда бағаланды.

Технологиялық парктер - өнертапқыштарға  арнайы маманданған қызмет түрлерін көрсету аясында инновацияларды ойлап табуға және оларды ендіруге арналған сервистік және өндірістік база болып есептеледі. Технопарктерде жаңа әзірлемелерді және қазіргі құрал-жабдықтар өндірісін құру мен игеру бойынша тапсырыстарды орындайтын серпінді технологиялары бар кәсіпорындар орналасуы тиіс.

Елімізде 2009 жылға дейінгі кезеңде  ұлттық және өңірлік үлгідегі оннан  астам технопарктер құрылып, тіркеуден  өткен. Соңғы жылдары өңірлік  технопарктерден «Алматы аймақтық технопаркі», Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркі, «UniScienTech» Қарағанды аймақтық технопаркі, Өскемен қаласындағы «Алтай» аймақтық ғылыми–технологиялық паркі, Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» аймақтық индустриалды–технологиялық паркі, Қызылорда қаласындағы «Қызылорда» технологиялық паркі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері құрылды. Бұл қатарға жоғары оқу орындарының аумағында ұйымдастырылған технопарктерді де (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті) жатқызуға болады. Ал ұлттық технопарктердің қатарына Алматыдағы «Alatau IT City Management» ақпараттық технологиялар паркі, Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі (Атырау қаласы), «Тоқамақ» ядролық технологиялар технопаркі (Курчатов қаласы), Ғарыштық мониторинг технопаркі (Приозерск қаласы), «Прогресс» биотехнология технопаркі (Степногорск қаласы) кіреді.

Әйтсе де, еліміздегі инновациялық белсенділіктің төмен болуы технопарктердің  санының өспеуіне және құрылғандарының  жұмыс белсенділіктерінің қарқын алмауына себеп болып отыр.

Мәселен, көптеген аймақтық технопарктер инновациялық жобалардың болмауынан осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырумен емес, қарапайым дәстүрлі өндірістік жобаларды орындаумен шектеліп жүр. Оған ғылыммен айналысуға талпынысы жоғары білікті маман кадрлардың тапшылығы, технопарктерді дамытуға жеке сектор тарапынан жұмсалатын қаражаттың жеткіліксіз деңгейі, венчурлық қорлардың белсенділігінің төмендігі, отандық жоғары оқу орындарының жанында ғылыми–зерттеулермен айналысатын технопарктер санының тым аз болуы, жаңа технологиялық әзірлемелер нарығының конъюнктурасы жайлы ақпараттың болмауы, қызметі шикізатты өңдеуге бағытталған технопарктердің қалыптаспауы сияқты мәселелер кері ықпал етуде. Қазіргі уақытта бұл мәселелердің барлығы да өзінің ғылыми шешімдерін табуды қажет етіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден  астам бизнес–инкубатор қызмет етуде. Алайда, олардың көбі инновациялық сипаты жоқ, тек кәсіпкерлік ортаға икемді шағын кәсіпорындарды дайындаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысуда, яғни еліміздегі технологиялық бизнес–инкубаторлар өзінің мақсатты жұмыстарымен шұғылдана алмай отыр. ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес, олар – инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі іс–шараны жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады:

технологиялық бизнес–инкубаторларды қалыптастыратын және дамытатын бірден-бір орта – еліміздегі технопарктердің аздығы;

бизнес-инкубаторлармен көрсетілетін қызметтердің шектеулі болуы;

технологиялық бизнес–инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;

қаржыландырудың жеткіліксіздігі және осы аталған мәселелерді шешудің ғылыми негізделген тетіктерінің қалыптаспауы, т.б.

Инновациялық инфрақұрылымның  құрылымы келесідей:

инновациялық дамудың  мемлекеттік институттары;

технологиялық бизнес–инкубаторлар;

ғылыми қалашықтар;

инновациялық – технологиялық қалашықтар;

технологиялар трансферті орталығы (жоғарғы оқу орындары, салалық               ғылыми-зерттеу институттары, оқу орталықтары, мамандандырылған консалтингтік кəсіпорындар);

инновациялық кəсіпорындар;

инновациялық қызметпен айналысатын  жеке кəсіпкерлер;

венчурлық қорлар;

инновациялық жобаларды қаржыландыратын  банктер;

ақпараттық инфрақұрылым;

мамандандырылған көрмелер.

Дүние жүзінде жаһандану  үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы  қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне   инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Атап айтқанда:

Технологиялар трансферті орталығының негізгі міндеті – ғылыми - техникалық нəтижелерді тездету, шағын инновациялық кəсіпорындарды құруға көмектесу.

Технологиялар трансферті орталығына Республикадағы «Қазына» тұрақты даму қоры негізінде құрылған «Инжиниринг  жəне технологиялар трансферті»  акционерлік қоғамының қызметі мысал бола алады. Оның мақсаты – ҚР-дағы инновациялық қызмет пен белсенділікті арттыру. Ол ҚР экономикасының 23 саласын қамтиды. Олардың ішінде:

ақпараттық технологиялар (ICT);

өмір туралы ғылымдардың технологиясы ( Life Sciences Technology);

нанотехнологиялар мен жаңа материалдар;

көмірсутек саласының технологиялары;

энергияның жаңартылған жолдарының технологиясы.

Сонымен инновация дегеніміз – өндірісті жəне қоғамды басқарудың түрлі

салаларына енгізілуі  экономикалық тұрғыдан тиімді жəне əлеуметтік, экологиялық жағынан маңызды болып табылатын, сондай–ақ зияткерлік меншік объектісі ретінде танылған ғылыми жəне ғылыми–техникалық қызметтің нəтижесі.

 Өнеркәсіп пен экономиканың басқа да салаларының бәсекеге қабілетті көп жағдайда өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым жағдайына тәуелді.

 Ақпарат, телекоммуникация  және көлік инфрақұрылымының  барабар сапасы болмайынша тиімді  экономикалық даму мүмкін емес. Инфрақұрылымның осы элементтерінің  әлемдік деңгейге сәйкестігінің   өзі-ақ қазіргі  заманғы  әлемдегі елдердің бәсекелестік қабілетінің маңызды факторы болып табылады. Ғаламданудың үдей түcyi мен ғаламдық бәсекелестіктің күшейе түсуі жағдайында шаруашылық субъектілердің әлемдік рыноктың тегеурініне дер кезінде әрі тәсменді  жауап әрекеті қабілеті іскерлік табыстың негізі  болып табылады.

Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы