Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

Содержимое работы - 1 файл

Инновация каз.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Қазіргі таңда әлемдік  экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен  инновациялық  жүйені дамытудың  озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты  алу мен оны алғашқы өңдеу  үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.

Осы тұрғыдан алғанда  Қазақстан Республикасында аталған  бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті [1-7, 17].

Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың  алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.

Міне мұның барлығы  да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған  инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан  ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.

Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Ашық нарықтың басты  талабының бірі әрбір тұтынушының  нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық инфрақұрылымның нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар. Осыған орай, 2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында инновациялық әлеуеті  мен өзіндік даму үлгісі қалыптасқан  елдердің қолдануға тиімді тәжірибелері мен озық үлгілерін, олардың ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялы инновациялық өнімдерді шығарудағы жетістіктерін пайымдай отырып, еліміздің ұлттық инновациялық инфрақұрылымын дамытудың экономикалық механизміндегі негізгі тетіктер ретінде жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыру, оларды мемлекеттің қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, ғылыми және басқа да істеріне тығыз араластыру, бір-бірімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін пайдалану және оларды елдің барлық салаларында сынауға және қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау қажеттілігі туындайды.

Экономиканың жаңа, сапалы жағдайға көшуi барысында инновациялық мүмкiндiктерi маңызды деңгейі көтерiлдi. Инновациялық экономиканы қайта ұйымдастыруға ғылыми сыйымдылықты өндiрiстi тек дамытуға мүмкiндiк бередi. Бұл көрсеткiштер экономикалық өсудi қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

Бiздің елiмiз үшiн экономикада инновациялық процестi  мүмкiндiк қолдау бойынша дамыған елдердің тәжiрибелерiн шығармашылық түрде қолдану маңызды болып табылады. Ол инновациялық қызметтің отандық даму жүйесiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл сұрақтарды зерттеу маңыздылығы – ғылыми-техникалық инновациялық саясатты аумақтық басқару органдарын құру арқылы жүзеге асырғанда арта түседi.

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық  тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.

Жоғарыда айтылғанның  бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды.  Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

 

 

1  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

 

«Инновация» ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30– жылдарында Й.Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға əртүрлі анықтамалар берілген:

инновация дегеніміз жаңа идеяларды  түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген  өнім;

инновация – практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе  жетілдірілген технологиялық үрдіс;

инновация – əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл.

Жалпы алғанда инновация дегеніміз – əкелетін ғылыми–техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс–шаралар кешенін болжайды.

Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер, Н.Г.Менкью, Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев жəне т.б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты [22, 23-25, 43, 79].

Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта  жазылған немесе мəселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған. Қазіргі уақытта  инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде  қарастырылмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік–экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл өзіне тəн арнайы мамандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді.

Индустриалды–инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының индустриалды–инновациялық потенциалының орнын, рөлін, қызметін ғылыми–тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай–ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі.

Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме–дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми–зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан–жақты зерттеу қажет.

Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал технологиялық инновация – жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық үрдістерді əзірлеу мен енгізу болып табылады.

Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем əртүрлі ұғым. Жаңалық – бұл тек идея немесе  жаңа технологиялық үрдіс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол  нарыққа жетпегенше инновация болмайды. Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6–8%–ы жаңа тауарға немесе үрдіске айналады.

Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне үрдістік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз – жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай–ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.  Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай–ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе  басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай–ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.

Сонымен қатар инновациялар өнімнің  маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына  байланысты: салааралық, салаішілік, кəсіпорын  ішіндегі инновация деп бөлінеді.

Салааралық  ішіндегі  инновация – екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация – белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кəсіпорын ішіндегі инновация – кəсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.

Атақты экономист  Г.Менш инновациялардың 4 категориясын  көрсетеді [79]:

1. Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар күрделі ғылыми  зерттеулерді  жəне аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.

2. Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге бағытталған.

3. Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік тəжірибеден өткен жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.

4. Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [31].

Инновацияның дамуына  қозғаушы күш нарықтық бəсекелестік болып табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дəрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:

жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;

жетілдірілген бұйымдар;

жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген əдістерінде  құрылған бұйымдар – өзге де инновациялық өнімдер [3].

Инновацияны  зерттеушілер жаңа өнімнің «өмірге келу» процесін 7 элементке  жіктеп көрсетеді:

1. Инновациялық идеяның  тууы.

2. Жаңа өнімді шығару.

3. Өнімді өткізу нарығын  анықтау.

4. Сұранысты анықтау.

5. Өнімді  жарнамалау.

6. Сату  процесін ұйымдастыру.

7. Өнімді өткізу.

Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тəсілдерді қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін–өзі өтеген инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезеңде әлемдік  экономикалық жүйенің қарқынды дамуы  ғылымды қажетсінетін өнімдер мен  оны өндіретін технологияларды  тиімді құру және пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми–зерттеулер жүргізу қажет және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы инфрақұрылым қажет.

Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы