Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы, несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын және орта бизнесті дамытудың рөлі ерекше

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3

І. Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны…………………………………………………………….............................4
1.1 Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестің мәні және қажеттілігі..4
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны мен маңызы.........................14

ІІ. Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы.....................................................19
2.1.Шағын және орта бизнестің дамуы, және оны мемлекеттік қолдау.....................................................................................................................19
2.2.Қ.Р. шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар..............................................................................26

Қорытынды..........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер..............................................................

Содержимое работы - 1 файл

ҚР шағын және орта бизнестің дамуы.doc

— 228.50 Кб (Скачать файл)

Республикадағы дағдарыс шағын және орта бизнес субъектілерінінің мемлекеттік тіркеуден өте салысымен-ақ жұмысының тоқтап қалуы, тіпті жабылуына да әсер етті. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін орындауды қамтитын бизнестің ел үшін маңызды сферасының тоқтап қалуына да экеледі. Осы ретте халықтың табысы болмаса, тұтыну құрылымы да әлсірейді, бар тапқан табыс тек бірінші кезектегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Шағын және орта бизнестің дамуын тежейтін себептер ішінде, өндірістік қуат потенциалы аумақтар бойынша эркелкі орналасу факторы бар, оның ішінде жалпы шикізат өндіру сапасының басым көпшіліп нарықтық экономикалық қатынастар формасына бейімделген. Экология, кедейшілік басым аумақтардың болуы, жұмыс күшінің, яғни кадрлардың кәсіпқойлық дэрежесінің бүгінгі күнге сай болмауы, эрине жалпы экономикалық қатынастарының тежелуіне бірден-бір себепкер.

Шағын және орта бизнестің даму мәселесін қозғағанда, мемлекет тарапынаң теқ заңдар мен нормативтік ақтілерді шығарьш қаңа жағдайларды қолға алу керек. Республиканың азаматтарының жеке меншіктік құқық механизмі жеткілікті жасалмаған және олардың нарықтық қатынастар жүйесінде өз орындарын анықтау бостандығы мен оны өзі өз бетімен шешу құқықтары жасалмағандығын айта кеткен жөн.

Нарықты экономиканың ең негізгі талаптарының бірі шағын бизнесті қолдау арқылы азаматтардың мемлекеттен тәуелсіз болып, өз күндерін өздері өндірісті, өздері көіркейтіп, одаң табыс алу, барлық экономикаындаға кеткен өркениетті елдер экономикасының концепциясы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар

Қазақстан Републикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі -адамдардың рынокті қабылдауы, рынокті түсінуі, одан өз орнын табуы, десек болғандай. Адамдар өз еңбегінің нэтижесін көре бастады. Адам тек бизнеспен ғана өз тағдыры өз қолында екендігін сезінеді, тек бизнесте ғана нағыз кәсіп иелері тәрбиеленіп шығады. Әлемдік тэжірибеде де осыны дэлелдейді және рыноктың ірі кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуін талап ететінін аңғартады.

Елімізде элі де болса кәсіпкерліктің күрт өсуі байқалмайды. Кейінгі кезде "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы" сияқты жап - жақсы Заңдар қабылданды, Азаматтық кодекске де шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай тудыратындай бірталай өзгерстер енгізілді. Алайда, олардың бэрі де, тұгас алғанда, тиімді қызмет атқарып жатқан жоқ. Соның нэтижесінде еңбек рыногіндегі жағдай бұрынғыдай күрделі боп отыр. Жұмыссыздық көп, адамдардың әлеуметтік жағдайы тұрақтандырылған жоқ, инфлияция да (ақшаның қүлсыздануы да) сақталуда. Мұның бәрінің себептері эралуан.

2001 - 2002 жылдары шағын және орта дамыту мен оған қолдау көрсету жөніндегі жаңа бағдарламалар жасалды. Алматыда қалалық әкімшілік осы жұмысқа кірісіп, тиісті жұмыс тобы мен комиссия құрылған. Онымен әкімшіліктің шағын кәсіпкерлік жөнінлегі департаменті, табиғи монополияны реттеу жөніндегі департаменті шұғылданды.

Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамытуға бөгет болып отырған және алдағы уақытта жасалатын бағдарламаларда өз шешімін табуға тиісті мэселелер баршылық. Солардың бастысы ең шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы, материалдық және интеллектуалдық ресурстарға қолдарының жете бермейтіндігі, мүмкіндіктерінің шектеулігі.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қажетті инфрақұрлымнын; нашар дамуы, оның ішінде ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

Сонымен бірге отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлардың шетел инвесторларына қарағанда баяу жасалуы, салық жөнінлегі заңдарының жетілмегендігі, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін салық жеңілдіктерінің болмауы, статистикалық, бухгалтерлік есептердің күрделілігі кәсіпкерлер үшін қолға байлау сияқты. Әрине, осының бэрі де қайта қаралуын, түзетілуін, жетілдіруін қажет етеді.Осы аталған және басқа да мэселелерді бірнеше топқа бөлелік.

Біріншісі топтағы ең үлкен мәселе - қабылданған заңдарды, нормативтік қүқықтық актілерді жүзеге асырудың тетіктерінің жоқтығы, соның салдарынан олардың көбі қағаз жүзінде қалып отыр. Мұның шешімі былай болуы қажет: кәсіпкерлік жайлы қабылданған қандай да болмасын жарлықтың, заңның, қаулының орындалуы биліктің ең жоғары баспалдағынан ең төменгісіне дейін, мэселен, республика үкметінен селолық әкімге дейін бақылауға алынып, талдау жасалып отырылуы тиіс. Заңдар мен заңды қркаттардың орындалуы қатаң бақылауда болуы керек. Мысалға, Әділет министрлігінің жергілікті басқармалары, салық комитеттері, статистика органдары "Шағын кәсіпкерлікке қолдау туралы" Заңның орындалуы үшін нақты қандай іс- әрекет атқарып отырғанын алып қарасақ, біз осы аталған мекемелерде  бұл  жөнінде ешқандай іс - шаралар белгіленбегенін, мардымды ештеңе атқарылып жатпағандығының куәсі болар едік. Осы айтылғандар алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жасалмақ тиіс мэселерінің біріншісі және үлкен бөлігі болуға тиіс.  Бұл  үшін аудавдық, қалалық әкімшіліктерге осы уақытқа дейін шағын кәсіпкерліктідамыту үшін нақты не істелінді, не істелінбеді, алдағы уақытта нелер істелуге тйіс екені айқындалуға тиіс. Осы тұрғыда эр дёңгёйдёгі әкімшіліктердегі эрбір құрылымдық бөлімдер нақтылы қандай істер атқаруы керектігі анықталуы керек.

Елдің көбін бүгінде алаңдатып отырған екінші мэселе - ол салық кодексі. Оның жобасы жөнінде баспасөзде жазыла бастады. Әр түрлі жиындарда, мәжілістерде эралуан пікірлер де айтылып жатыр. Мына мәселені шешкен дұрыс. Ісін жаңа бастамақшы болған кәсіпкерлерге салық жеңілдігш жаоау керек. 1993 және 1994 жылдары өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер алғашқы екі жыл бойы таза пайдаға төленетін салықтан босатылатын еді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына, оның тез өсуіне жағдай тудырды. 1995 жылы  бұл  тэжірибе жойылды. Мұның өзі адамның өз бизнесін бастау үшін жұмсаған бастапқы капиталы оның алға қойған түпкі мақсатына тезірек және түбегейлі жетуі мүмкіндігін азайтады. Кәсіпкерлерге қосымша қаржы табу керек, ал бүгінгі күні оларға несие немесе грант алу өте күрделі іс, ол үшін кепіл ретінде үлкен қаражат қажет. Сондықтан да қабылданбақсалық кодексінде немесе арнайы қабылданған заңда істі жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдігі берілуге тиіс. Осындай жағдайда кәсіпкерлердің саны тез өсетітіне және олардың сапасы да, дейгейі де көтерілетініне үміт зор. Бүгінде республикада 80 мыңнан астам кәсіпкерлердің өз ісін тіркеткенімен жұмысын бастай алмай отырғанының басты себебі - осы жеңілдіктің жоқтығынан. Олардың кәсіпорындары тіркеуден өткен, бірақ іске кіріспеген статистика және салық органдарына есеп бермейді, салық төлемейді. Ал енді бірен - сараны бизнеспен шүғылданып жүруі де мүмкін, онда олар көлеңкелі бизнеске жатады.

Қазақстандық шағын және орта бизнес пен шетелдік тәжірибелер хақындағы пікірімізді "жаңа қазақстандық менталитетке" қатысты "күтпеген", эрі тосын да тың ойлардан бастамақпыз. Оның басты себебі Батыстың немесе Шығыстың дамыған елдерімен салыстырғанда бізде элі күнге дейін шағын және орта бизнестің "философиясы " мен өзіндік "идеясы" жоқ. Қазақ бизнесінің философиясы тақырыбына қалам тартып жүрген А. Ысқақов деген қазақстандық автордың пікірінше: "Қазақ бизнесінің философиясы дегеніміз -шексіз құнығу, сән - салтанат пен тәтті және эдемі өмір сүру, бет - пердесі айқара ашылған индивидуализм немесе жеке бас қамы" Егер біздер бүгінгі қоғамымызға жаппай етек алып отырған "қалың - бұқаралық " шоу - мәдениет пен оның түбірлі тірегі - аса индустриалды американдық нарықтық өркениетті және оған қоса "батыстық рационализм" мен жеке басты күйттейтін "жаңа бағдарламалық модельдер" жиынтығын ойға ала кеткен жөн.

Келесі бір көңіл бөлетін мэселе қазақстандық шағын және орта бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі. Баршаға мәлім, бүгінде Қазақстан 60 - астам халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Әлемдік даму және қайта жарақтандыру Банкі (МБРР), Халықаралық Валюта Қоры (МВФ), Европа Даму Банкі сияқты беделді қаржы банкілерінің мүшесі болып отыр. 1988 жылы тұсауы кесілген "Шағын" кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор дүниеге келісімен - ақ шағын және орта бизнеске бағытталған несие беріле бастады. Мәселен, Европа Даму Банкі (ЕБРР) қазақстандық кәсіпкерлерге шағын несие (микрокредит) беру мақсатында аталмыш қорға 77,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Сонысмен қатар қазақстандық "Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор" Азия Даму Банкінің 50 млн. долларға жуық екінші транпын да дәл осы шағын жеке орта бизнеске бағыттауға шешім қабылдады. 1998 жылдың үш айында аталмыш қор шағын және орта бизнесті 136 жобаға 1,3 АҚТТТ доллары көлемінде несие берді. Жоғарыдағы цифрлардан көріп отырғанымыздай, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің халықаралық қаржы ұйымдарынан несие алуында ешбір мін жоқ. Тіптен ТМД - ның Әзірбайжан, гзбекстан, Ресей сияқты елдерімен салыстырғанда, бізде де елеулі ілгерілеу байқалатындай. Сөйте тұра, қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлер "бэз - баяғысынша" шамадан тыс көп салықтан бастап, кәсіпорындар мен фирмалармен тікелей қарым- қатынас жүйесіндегі сансыз қолбайлаулардан ешбір көз ашар емес.  Бұл  сала жалпы мемлекеттік бюджеттен де жылдар бойы өзіне тиісті "үлесін" ала алмай келеді. (Мысалы үшін: Европаның Дания, Швецария және Франция тэріздес ""социализмге біртабан жақын" елдерінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекеттіқ бюджеттен

белгші бір мөлшерде қаржы бөлінді. Мамандардың айтуынша 1999 жылдың қаңтарына дейін жалпымемлекеттік салықтар мен оны жинау ең бастысы -бюджеттік республикалық бюджетке басты назар аударылған. Ал бюджеттің екінші тобына кіргізілгендердің ішінде шағын орта бизнесті дамытуға қажетті -іс - шаралар бар. Түйіндеп айтар болсақ, мемлекеттік дәрежеде қамқорлық болмаған соң шағын және орта бизнестің халықаралық сахнаға шығу -шықпасы екіталай.

Соңғы жылдары қазақстандык шағын бизнесті латынамерикандық тэжірибелерімен салыстыру сияқты "жаңа үрдіс" пайда болды. Егер біздер, негізінен, тарихи факторларға ғана сүйенсек, мұның өзі заңды да. Әңгіме -импорттың орнын басарлықтай индустриалдық тұрғысында. Шынында да  бұл  елдердегі индустриалдық даму мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асты. Оның артында элемдік бэсекеге төтеп беру мақсатындағы қамқорлық тұр. Алайда, "латынамерикандық модельді" "қазақстандық модельге" жақындастыруды жақтаушылар бүрыңғы Португалия мен Испания отарларында XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бері негізінен "А" тобына жататын салалардың үстемдік етуіне жол берілгендігін және мұндай біржақты бағыттың соңғы елеулі қиыншылықтарға мұрындық болғандығы ұдайы ескеріле бермейді. Екіншіден, өкінішке орай, бүгін де оларды біздермен "тонның ішкі бауындай " "туыс" етіп тұрғаны тек "әлеуметтік дифференциацияға ғана". Соңғысы тарихи КСРО кезеңінен -ақ өз бастауын алды. Оған төмендегі мына бір кестенщ көмепмен көз жеткізуге болады.

    Келтірілген мәліметтер біздерді жақындастырған институционалды құрылымға тікелей қатысы бар: популистік тэжірибелер, этатизм мен солшыл экстремизм және жекеменшіктен басқа да ерекше факторлардың жеткіліктілігіне, атап айтқанда,  бұл  елдердегі әлеуметтік құрылымдардың тёк жобалап айтқанда ғана біздермен туыстығына көзімізді жеткізіп отыр. Бір ғажабы, Қазақстан дербес ел ретінде бөлініп шыққанына қарамастан аталмыш коэффициентке қатысты үрдістер сол баяғы қалпында жалғасын табуда. Негізгі қалыптасып отырған ахуал осындай халде болғандықтан курстық жұмысымыздың өзекті негізі - шағын және орта бизнеске қатысты шетелдік тәжірибелер хақында Қазақстанды Латын Америкасы сияқты әлемнің өзіндік бір ерекше аймағымен салыстыру – дәл бүгінде оңай шаруа болмаса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Қорытынды

 

Дүниежүзілік тәжірбиеге қарайтын болсақ, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық      орталықтарда   инкубаторларда,      техно-парктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен.  Бұл  ұйымдар шағын инновациялық кәсіпорындарды бір «шатырдың астында», «бір қалада шоғырландырып, оларға ғылыми-техникалық зерттеу лабораторияларын, өндіріс-тәжірбиелік цехтарын және жалға бөлмелер ұсынады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бүгінгі таңда мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызы зор саласы болып табылады. Шетелдік тәжірибені зерттеу көрсеткендей, шағын бизнестің дамуындағы сэттіліктің сөзсіз шарты -  бұл  шағын кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлік жанжақты және тұрақты мемлекеттік қолдауды қажет ететіні туралы пікір. 2010 жылға дейін Қазақстанда бизнес-инкубаторлардың және технопаркілік құрылымдардың кеңінен дамуы көзделіп отыр.

Бүкіл қиындықтарға қарамастан Қазақстанда инновациялық идеяларды өмірге енгізетін зеріттеушілерді колдайтын бюро қызмет атқарады, сондай-ақ инновациялар мен жаңалықтар және технологиялар дамыту орны құрылады. Сондай-ақ, ғылым және ғылыми-техникалық саясат концепциясының проекты, «Ғылым туралы» заң және мемлекеттік инновациялық даму бағдарламасының проекттері талқыланған.

Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігін көрсетіп отыр.

Олардың ішінде:

1)Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін товарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;

2) технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатандатылуы, оларға жұмсалатын күрделі қаржыны одан эрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Жалпы қорыта келе, Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудың мәні келесіде: халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз етеді; бәсекелестік ортаны қалыптастырады; жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтады; ауылдар, шағын және орта қалалардың дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, шағын бизнес республиканың перспективалы бағыты болып танылғандықтан, оны дамыту және оны жан-жақты қолдау іс-шаралары тиімді нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін маңызы зор.

 

 

 

 

 

                 Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. 1997 жылдың 19 маусымындағы Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралың заңы.

2.     Садуақасов А. Шағын бизнесті шарықтатудың АҚШ-тық әдісі қандай? // Заң газеті. - 2003 - 19 желтоқсан, № 76-77.

3.     Сахариев  С.С.,  Сахариев А.С.  Әлем  экономикасы  (оқулық)  І-бөлім. Алматы: Дэнекер, 2003.

4.     «Шағын кәсіпкерлік» Нысанбаев С.Н., Алматы: Қазақ Университеті 2002

5.     Жатканбаев Е.Б. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. А: Қазақ университеті, 2001

Информация о работе Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы