Қазақ аумағындағы үйсіндер ескерткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 23:03, курсовая работа

Краткое описание

Б.з бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдаланып үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................4

І. Үйсіндер этногенезі
1.1 Үйсіндер туралы эт­но­графиялық ғылыми зерт­теулер........................6
1.2 «Же­­тісу — «жетіге бөлінген усун»...............................................................8
1.3 «Байсын» этно­то­­понимінің пайда болуы...................................................9

ІІ.Ұлы жүз үйсіндері. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
2.1Сарыүйсіндер..................................................................................................18
2.2 Үйсін дәуірінің ескерткіштері.....................................................................23

Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Қазақ аумағындағыҮйсіндер ескерткіштері курстық жұмыс20032003.doc

— 259.00 Кб (Скачать файл)

 

2. “Жетісу сатысы” 

б.з. 1 — 3 ғ-лар обалары саны жағынан ең көбі болып табылады (Талғар-1, -3, Бастау-2, -3, Ақтас-7, Сарытау-1, -2, Ақшоқы-3, -4, Өтеген-2, -3, Бесшатыр-1, -3, -4, т.б. қорымдар). Бұл кезеңде обалардың тізбектеле орналасу үрдісі жойылып, ретсіз топтала орналасуы қалыптасқан. Қабірлердің лақыты бар жаңа түрі пайда болды. Мүрде жанына бұрынғыға қарағанда көптеп қойылатын (6 — 7 ыдысқа дейін) қыш ыдыстардың түбі көбіне дөңес емес, жайпақ келеді.

3.“Іле сатысы” 

б.з. 3 — 5 ғасырларында обалар саны азая түседі де, көбіне олар қыстақ-қоныстар маңында орын тебеді (Ақтас-1, -3, -6, Үңгірқора-2, Шолақжиде-1 қорымдары).

Үйсін қорымдары, әсіресе, Іле, Талас, Кеген, Шарын, Есік алқаптарында кеңінен тараған. Қырғызстан жерінде де түрлі деңгейде зерттелген қорымдар көптеп саналады. Ақышев басқарған Жетісу экспедиция жұмыстары барысында 1960 жылы Кеген өзені алқабында зерттелген Ақтас-2 қонысының аумағында тұрғын үй қызметін атқарған барлығы 5 құрылыс пен бірнеше шаруашылық орындардың болғандығы анықталды. Мұндағы ішінде тас ошағы бар “шаршы құрылыс” дәл ортада орналасса, оған жапсарлас салынған, ұзын жіңішке дәліз арқылы кіретін “үлкен құрылыстың” ауданы 126 м2. Жылуды сақтау мақсатында біріне-бірі жалғастыра, тіркей салынатын үй-жайлар тастан қаланып, тұрғын бөлмелердің едені балшықпен мұқият сыланып отырған.

Қоныстан қыш ыдыс бөлшектерімен қатар, көптеген тас кетпендер мен дәнүккіштер, қола орақтың сынығы табылып, бұл деректер көне үйсін шаруашылығында егіншіліктің маңызды орын алғанын айғақтады. Сондай-ақ Ақтасты-2 маңынан егіншіліктің суармалы тәсілі қолданылғанын көрсететін көптеген арықтар мен ауданы 60 — 150 м2 болатын шағын өңделген танаптардың орындары кездескен. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл бау-бақша өсірген орындар. Дәнді дақылдарды өсіруге бағытталған мұндай суармалы егіншілік жүйелерінің іздері Шолақ, Шу-Іле таулары маңында, Талас алқабында да сақталған.

Шу өлкесінде табылған қоныстарда үй-жай тұрғызуға балшық кірпішті пайдаланған. Кейінгі жылдары көптеп зерттеле бастаған жаңа қоныстар көне үйсіндердің тұрмыс-тіршілігіне, оның ішінде отырықшы-егіншілік дәстүрлеріне байланысты тың деректер беруде. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған бірнеше қоныстардың бір бөлігі сақ дәуірінде пайда болып, үстіңгі қабаты үйсін дәуіріне жатқызылса, қалғандары үйсін дәуіріне жатады.

Түзусай-3, Серектас-1, Шарын, Өсербай-1, Цыганка-8 сияқты қоныстардан табылған заттар арасында қыш өндірісіне, егіншілікке байланысты қызықты деректер, мысалы, дәнді дақылдардың сақталып қалған қабық-үгінділеріне дейін бар. Есік пен Талғар қаласының арасында Рахат ауылы маңында орналасқан бір топ қоныстар жақсы сақталған жалдары мен орлары болуына байланысты күшейтілген бекіністер түріне жатқызылды. Археологиялық ескерткіштер деректері көне үйсін тайпалары шаруашылығында малшылық, егіншілік бағыттарының бірге дамығанын, сондай-ақ қыш өндірісінің, металлургияның, тоқымашылықтың, тас, сүйек өңдеудің жоғары дейгейде болғанын көрсетеді.

Ескерткіштер нақты кезеңдерге ажыратылғанымен, мұндағы мәдени даму үрдістері ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келген. Үйсін дәуірінің обаларындағы жерлеу үрдісіне байланысты анықтауды қажет ететін мәселелер бар. Ең алдымен бұл “Жетісу сатысының” (б.з. 1 — 3 ғ-лар) обаларындағы мұның алдында кең тарамаған лақытты жерлеу дәстүрінің пайда болуына байланысты. Осыған назар аударған ғалымдар (Ю.А. Заднепровский, т.б.) ерте кезеңге тән лақытсыз, яғни қарапайым шұңқыр қабірлер мен лақытты қабірлер әр түрлі тайпалардікі болуы мүмкін деп жорамалдайды. Өз кезегінде, қабір құрылысының мұндай әркелкілігі Қытай жазбаларындағы Үйсін ұлысына кейіннен қосылған бұрынғы жергілікті “сэ” (сақ) халқының ұрпақтары да тұрады деген деректермен, сондай-ақ юечжи тайпаларының осы батыс өлкелерге жылжығандығы туралы мәліметтермен байланыстырылады.

Б.з. 1-мыңжылдықтың 1-жартысына жататын ескерткіштерде ғұн мәдениетінің әсерлері біршама анық байқалады. Бұл әсіресе, полихромды нақышпен жасалған өнер бұйымдары көптеп табылған Теңлік, Ақтасты қо-рымдарынан нақтырақ көрінеді. Үйсін дәуірінің ескерткіштері жайлы ойларын қорытындылай келе, көрнекті ғалым К.Ақышев

[1996] ж. арнайы зерттеулер неғұрлым кеңірек жүргізіліп және стратиграф. қабаттарды ажыратуға ерекше көңіл бөлінсе, Жетісудың Сүмбе, Лепсі, Суяб, Құлан, Батыс Ақтөбе сияқты көптеген ортағасырлық қалаларының астынан үйсін дәуірінің қабаттары ашылуы әбден мүмкін деген аса маңызды пікір айтты.

 

 

Қорытынды

                                                  

Үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі. Қазак, халқының калыптасуынан негіз болған тайпалар катарына жатады. Қыгай жазбаларында «усун» атаулы б.з.д. II ғ. бастап кездеседі.

Ғұндардын күшеюінен корыккан Хань әулетінің билеушісі У. Ди езіне одак-тас іздеп Батыс еддеріне Чжан Цзань бастаған елшілік жіберді. Ол үйсіндер туралы толық мәлімет жинауғажәне олармен тату көршілік қатынас орнатып кайту үшін келді. Б.з.д. 138-126 жж.б.з.д. 115жж. екі рет үйсіндерге келген бұл елшілік олардың жерімен ететін «¥лы Жібек» жолындағы керуендердің де қауіпсіз болуын кездеді.

Чжан Цзань жинаған деректерде үйсіндердің адам саны 630 мың, тұракты әскері, 30 мың атгы жауынгер. Соғыс болған кезде 180 мыңцай жауынгер шыға-рааладыделінген. Қытайдерегі үйсіндердін көзі кекдесе, археологиялық деректер олардың европоидтык нәсілге жататындығьш дәлелдеп отыр. Іле езенінің бойында казылған обалардан табылған 50 адамның бас сүйегінің 44-інде евро-поңдтық, ал 6-да монголоидтыкбелгілер бар.

Ең алғаш үйсіндердің кай жерді мекендегендігі туралы деректер Қытайдың «Тарихнама» (Шицзи), «Хань хавдығы кітабы» (Ханьшу) секілді кітаптарында кездеседі. «Хань хаңцығы кітабыңда» үйсіндердің байырғы мекені Дунхуан, Цилянь-Шань өңірі, яғни казіргі Гань судың оңгүстік - батысы делінеді. Үйсіңдер б.з.д. 160 жыл өздерінен бұрыньфақ Іле еңіріне келіп коныстанған иузейлерді бағындырғаннан кейін осывда коныс аударады.

Үйсіңдердің   территориясы батысында Шу, Талас өзеңдері, шығысывда Тянь-Шань тауларының шығыс алкаптарына дейінгі, ал солтүстігі Балқаш келінен, ал онтүстігі Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауьша дейінгі аралықта созылып жатгы. Үйсіндер шығысында ғұндармен, оңтүстігіңце Шығыс Түркістанның отырыкшы халқымен, окгүстік-батысыңца Ферғанамен, батысында канлылар-мен кершілес болды.

Қытай ғалымы Су Бэйхай мен казак ғалымы Ә. Төлеубаевтың зерттеулеріне карағанда үйсін мәдениеті Шығыс ҚазакстанныңТарбағатай тауыныңбаурай-ларьша да тараған. Үйсіндердің кьгстаулары мен жайлаулары Жетісу таулары мен олардын аласа беткейлерінде, Іле, Шу, Талас өзендерініа алкаптарында болған. Өзен атыраптарында егін шаруашылығы өркендеген.

Үйсіндердін билеушісі гуньмо (күнби немесе күндей биік әмірші) деп атал-ды. Үйсіндер мемлекетінде үштік жүйе болғанға ұқсайды. Олар үшке: шығыс, батыс, орталык бөліктерге бөлінген. Мемлекеттің астанасы Кызыл Аңғар (Чигу) каласы болған. Ол бекіністі кала кдзіргі Ыстыккел мен Іле езенінің оңтүстік жағалауьша салынған.

Үйсіндердің археологиялык ескерткіштері Жетісу жерінде көп тараған. Негізінен сак обаларының маңайына орналаскан. Көлемі жағынан да, биіктігі жағынан да сак обаларынан әлдекайда кіші.

Обалардың кепшілігі диаметрі 6-20 метр, ал биіктігі жарты -1 метр үйінді болыпкеледі. Үйіндідепотырғанымызтас пентопыракараластөмпешік. Кей-де үйіндініңетегі немесе тебесіне жакьш тұсы айнала кішігірім казандай тас-тармен кемкеріліп койылады. Ал үлкен обалардың диаметрі 50-80 метр, биіктігі 8-12 метр болатыны да кездеседі. Біраколардың көбісі тоналған. Үйсіндердің обаларын археологгар салынған уакытына қарай 3 топка бөледі.
1. Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлардағы ертедегі корымдар (Кдпшағай, Өтеген, Қызылауыз, Кызылеспе, Кызылқайнар). Олардың ерекшелігі - корымдар солтүстіктен оңтүстікке карай тізбектеліп салынған. Әр тізбекте бес, алты оба бар.

. Б.з.д. I ғ. - б.з. I ғасырындағы орта кезендегі корғандар (Тайғак, Талғар, Алтынемел, Ақтас) жүйесіз, үш обадан тізбектеліп салынған.
3. Б.з. П-Шғасырлардағы кейінгі кезендегі қорғандардың ерекшелігі-түгеддей «тізбексіз» қалай болса солай жүйесіз салынған. Қабірлер лақат-талып қазылған. (Шолакжиде, Үңгіркора, Калкан).

Жетісу үйсіндері мәйітті шалкасынан жатқызьш, басын батыска каратып койған. Үйсіндердің коныстары Шу алкабыңдағы бүгінгі Құлан ауьшы маңын-да болған. Үйлерінің кабырғалары шикі кірпіштен соғылып, едендері балшык-пен сыланған. Үй ортасында ас пісіретін ошағы бар. Бүл жерді мекендеген үйсіңдер мал шаруашылығымен де, егін егумен де айналыскан. Мүны осы коны-стардан табылған үлкен кыш ыдыстардың сынықтары, дәнүккіш тастар мен кетпендер дәлелдейді.

Үйсіндердің коныстары барлық жерде бірдей емес. Актас конысының (Алматы облысында) ерекшелігі - археологтар тапқан бес тұрғын үй мен қора-жайдың кабырғаларын ыңтастан калануы. Қыстак қасында егістік жер болған. Ол езеннен тартылған арыкпен суарылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      Қ.Салғараұлы «Түрік әлемі»Астана, 2000

2.      Қ. Салғараұлы «Ұлы қа­­­ғанат» Астана, 2008 «Фолиант» баспасы

3.      Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная  Монголия и Урян­хайс­кий край. Л.1926, том 2.

4.      Зуев Ю.А. Ран­ние тюр­ки: очерки истории и идео­логии. Ал­маты. 2002.

5.      М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми еңбектері. 2005 №10 Б.А.Алтаев. Тоғыз огуз мә­се­­ле­сі және ұйғырлар.

6.      А.М.Малолетко «Па­лео­­­то­по­нимика» Томск – 1992г.

7.      Ш.Иазди. За­фарнама. Ташкент 1972. Әбіл­ғазы Түрік шежіресі.  Ал­ма­ты.1992. М.Х.Дулати «Тарих-и Рашиди» Ал­­маты 2003.

8.      Алтай Аман­­жолов «Түркі филологиясы жә­­не жазу тарихы», Алматы, 1996ж.

9.      Таным тар­мақтары. Алматы, 1998 ж.

10. Агаджанов С.Г. Очер­ки истории огузов и туркмен Сред­ней Азий IX-XIII в.в. Ашхабад 1969.

11. Өмір­бек Панзарбеков, Бо­лат­темір Ал­таев “Тугю – Түркүл” Ал­ма­ты, 1999 ж.

12. Кыпчаки в истории сред­не­векового Казахстана. Алматы 1999. с.188-195.

13. Л. Гумилев. Көне тү­рік­тер. Алматы. 1994.

14. Е.Е.Не­разик. О некоторых нап­рав­лениях этнических связей на­селения Южного и Юго-Вос­точ­ного Приаральская в IY-YIII в в.  Ис­то­рия,  археология  и  этнография   Сред­ней  Азии  .М. 1968.

15. Ә.Мар­ғұлан Ежелгі жыр, аңыз­дар. Алматы1985.

16. Б.Ал­таев. Хун қолбасшысы Хэлен ба­ба­ның Сайрамдағы баяны. «Қа­зақ мемлекеттілігі және түр­кі әле­мінің тарихи-мәдени құн­ды­лық­тары» Халықаралық кон­фе­рен­ция. Шымкент. 2009.

17. Д. Позднев «Ис­­торический очерк Уйгуровь», С.-Пе­тербург. 1899 г.

18. Фан Вэнь-лань. Древ­няя история Ки­тая. Москва 1958.

19. Древ­нетюркские рунические па­­мятники как источник по ис­то­­рии Средней Азии. М. 1964.

20. Ә.Қоңыратбаев, Т.Қо­ңы­рат­баев. Көне мәдениет жаз­ба­лары. Ал­маты 1991.

21. ААманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. -2 кітап. (XIV ғасырдан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең). -А., Білім, 2005.

22. ББердібай Р. Байкалдан Балқанға дейін.- А., Қазақстан, 1996.

23. ТТоқтабай А.У. Түркі халықтарының этнографиясы. А., 2002.

Қабышұлы Ислам түран элемі. Түркі-моңғол халықтарының тарихы.-А. Санат. 2007.

24. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). А., 1994.

25. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. А.Т.1., 1996.     1-2-бөлімдер.

26. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995.     

27. Рысбайұлы К.  Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001. 1 бөлім

28. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. А., 1979.

29. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумагамбетов Т. Археология     Казахстана. А., 1993.

30. Кадырбаев А.Ш. История Казахстана: первобытный мир и древность. А.,     1998.

31. Самашев З.С. Наскальные изображения верхнего Прииртышья. А., 1992.

32. Шалекенов У. Құм басқан қала. А., 1992.


 

 

 

4

 



Информация о работе Қазақ аумағындағы үйсіндер ескерткіштері