Туризм типологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 07:38, статья

Краткое описание

Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты.

Содержимое работы - 1 файл

рекреация туризма.docx

— 22.31 Кб (Скачать файл)

     Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты.

     Туризм  түрлері. Туризмнің үш түрі туризмнің басқа түрлерін жасай отырып әртүрлі араласып келуі мүмкін:

1) ішкі және кету туризмін қамтитын ел шегіндегі туризм, яғни қарастырылып отырған елдегі, осы ел шегіндегі ішкі немесе халықаралық туристік сапарлар шеңберінде тұрып жатқан және тұрмайтын келушілердің қызметі;

2) ішкі және кету туризмін қамтитын ұлттық туризм, яғни қарастырылып отырған елде, осы ел шегінде және одан тыс ішкі немесе кету туристік сапарлар шеңберінде

тұрақты тұратын

келушілердің  қызметі;

3) келу және кету туризмін қамтитын халықаралық туризм, яғни қарастырылып отырған елде одан тыс немесе кету туристік сапарлар шеңберінде тұрақты тұратын келушілердің қызметі және кету туристік сапарлар кезінде аталған ел шегінде қарастырылып отырған елде тұрмайтын келушілердің қызметі.

Туризмнің басқа түрлеріне сәйкес келушілер былайша жіктеледі:

     1)Халықаралық келушілер:

туристер (түнейтін келушілер); бір күндік келушілер.

     2)Ішкі келушілер:

туристер (түнейтін келушілер); бір күндік келушілер.

     Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді:

      
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.  
  2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.  
  3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.  
  4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.  
  5. Экономикалық туризм - бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.  
  6. Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы, Белгілі бір мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып, сол партияның съезіне қатысу үшін жол сапар кешуі мүмкін.

     Сонымен қатар туризм саласында келесі түсінктер  кездеседі:

     Ішкі туризм – қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің ішкі туристік сапар немесе шығу туристік сапар шеңберіндегі қызметі;

     Келу туризмі – қарастырылып жатқан елде тұрмайиын келушінің келу туристік сапары кезінде осы ел шегіндегі қызметі;

     Шығу туризмі – қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің шығу туристік сапар немесе ішкі туристік сапар шеңберіндегі қызметі;

     Қызмет түрі – сапарға дайындық кезінде және сапар барасында тутынушылар ретінде адамдардың іс-әрекеті мен жүріс тұрысы;

     Турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi кезеңге келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнейтiн жеке тұлға;

     Саяхатшы – әр түрлі мақсатта және қандай да бір мерзім ішінде әртүрлі географиялық мекендер арасында орын ауыстыратын қандай да бір тұлға;

     Келуші – елде немесе бару орнында тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда кез-келген басты мақсатпен (іскерлік сапар, демалу, немесе басқа да жеке мақсат) бір жылдан кем мерзімге оның әдеттегі ортасынан тыс орналасқан қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапар шегетін саяхатшы;

     Халықаралық келуші – туристік сапарда жүрген және қарастырылып отырған саяхаттап жүрген ел тұрғыны болып табылмайтын немесе қарастырылып отырған ел тұрғыны, одан тыс жерде саяхаттаушы болып табылатын келуші;

     Ішкі келуші – туристік сапарда жүрген және қарастырылып отырған ел тұрғыны болып табылатын келуші;

     Түнейтін келуші – сапарына түнеу кіретін келуші (ішкі, келу немесе шығу);

     Бір күндік келуші (немесе экскурсант) – келуші (ішкі, келу немесе шығу) егер оның сапары түнеуді қосса немесе түнеуші келуші деп немесе басқа жағдайларда бір күндік келуші (немесе экскурсант) деп жіктеледі;

     Саяхаттаушы бірлестік – шығындары біріктірілетін бірлесіп сапар шегуші келушілер;

     Туристiк сала - негiзгi қызмет саласы туристiк қызмет көрсету, туристiк өнiм жасау, оларды iшкi және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткiзу болып табылатын экономика саласы;

     Туристiк қызмет көрсету – туристiң саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ұсынылатын қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулерi және сапар мақсатына байланысты көрсетiлетiн басқа да қызметтер);

     Туристік өнім – туристің саяхаттау барысында қажеттілігін қанағаттандыруына жеткілікті туристік қызметтердің жиынтығы;

     Туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;

     Туристік индустрия – туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, көңіл-көтеруобъектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және басқа да мақсаттағы нысандардың жиынтығы; туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ экскурсиялық қызметтер мен гидтер (гидтер-аудармашылар) қызметтерін ұсынатын ұйымдар;

     Туристік шығындар – тұтыну тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ жеке қолдануға немесе туристік сапарға дайындалу кезінде немесе сапар барысында басқа тұлғаларға беруге арналған басқа да құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын сома. Оларға келушілердің өздері төлейтін шығындар, сондай-ақ басқа тұлғалармен төленетін немесе өтейтін шығындар кіреді;

     Ішкі туризмге кіретін шығындар – бұл келушінің өзі резиденті болып табылатын қарастырылып отырған экономика шеңберіндегі туристік шығындары;

     Келу туризміне жататын шығындар - бұл келушінің өзі резиденті болып табылмайтын қарастырылып отырған экономика шеңберіндегі туристік шығындары;

     Шығу туризміне жататын шығындар – бұл келушінің өзі резиденті болып табылатын қарастырылып отырған экономика шегінен тыс туристік шығындары;

     Туристік келу – туристік сапар кезінде баратын орында болу;

     Туристік сапар – бұл саяхатшының келген жерінде тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда қандай да бір мақсатпен (іскерлік сапар, демалу немесе басқа де жеке мақсат) бір жылдан кем уақытқа оның әдеттегі ортасынан тыс жердегі қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапары. Туристік сапардаға саяхатшы келуші деп аталады;

     Келу немесе шығу сапары – бұл негізгі мақсатты орны келушінің тұрақты тұру орнынан тыс жердегі сапар;

     Ішкі сапар – бұл негізгі мақсатты орны келушінің тұрақты тұру

     Туристік қызмет – жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызметтерді ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметі;

     Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi – туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;

     Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi – турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;

     Экскурсиялық қызмет – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарға танымдық мақсатта келудi ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;

Туристік сапарлар олардың келесі негізгі мақсаттары бойынша жіктеледі:

     1)Жеке  мақсаттар:еңбек демалысы, бос уақыт  және демалу,достарына және туысқандарына бару, білім беру және кәсіби дайындық, дін/қажылық, дүкендерге бару, транзит, өзге де мақсаттар.

     2)Іскерлік және кәсіби мақсаттар.

     Сапарды оның негізгі мақсаты бойынша  жіктеу сапар барысында жүзеге асырылатын қызметтің негізгі түрлерімен байланысты болуы тиіс. Әрбір туристік сапар қандай да бір келуші сапарда бола тұрып қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыра алатын болса да жалғыз ғана негізгі мақсатқа ие болады. Әрбір негізгі мақсат («Транзит» санатын қоспағанда) сапар кезінде жүзеге асырылатын негізгі қызмет түрлерінің тобымен байланысты. Келушілер санатының қамтуы шеңберінен құқықтық және экономикалық аумаққа келмейтін келушілер және құқықтық және экономикалық аумаққа келетін, бірақ түнеуге қалатындар ғана алынып тасталады. Транзиттік жолаушылардан қамтуға тым болмаса бір түнге қалатын тұлғалар жатады. Қатынау оны туристік келу деп жіктеуге болатындай міндетті түрде түнеумен болу шарт емес. Солай бола тұра келіп кету деге түсінік тоқтауды ұйғарады. Қандай да бір географиялық аймаққа онда тоқтаусыз ену осы аймаққа келу болып есептелмейді. Туристік сапарлар мен қатынауларды байқау – бұл байқау кезінде бір тұлға біреуден көп сапар немесе қатынау жасай алатындықтан келушілердің ағынын байқау деген емес. 

Информация о работе Туризм типологиясы