Қазақ батырлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2010 в 16:23, реферат

Краткое описание

Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.

Содержимое работы - 1 файл

Реферат.docx

— 53.40 Кб (Скачать файл)

Қалданменен ұрысып, 
Жеті к
үндей сүрісіп, 
Сонда
ғы жолдас адамдар:

Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Ша
қшақұлы Жәнібек, 
Сіргелі
қара Тілеуке 
Қарақалпақ Қылышбек, 
Т
өкеден шыққан Сатай, Бөлек,  
Шапырашты Наурызбай, 
Қаумен, Дәулет, Жәпек батыр қасында,  
Ба
қәулеті басында, 
Се
ңкібай мен Шойбек бар. 
Та
ңсыққожа, Молдабай, 
Қатардан жақсы қалдырмай, 
Есен
құл батыр ішінде.  
Өңкей батыр жиылып,  
Абылай салды жарлы
қты,  
Қалдан ханды қашырып, – деген жолдардан басталатын Бұхар жырау толғауында Наурызбай батырдың барлық қаһармандық қырлары, туған елі мен туған жері үшін қасық қаны қалғанша жаумен жаға жыртысып өткен батыр тұлғасының сырт келбетімен қоса, онын рухани жан дүниесіне де баға беріледі. Осы орайда жырау аузымен халық сөйлеп тұрғандай, батыр ерлігіне елдік баға беріліп турғандай әсерде боламыз. 
 
  Ал Т
әтіқара ақынның бір топ қазақ батырларына арналған келесі: 

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, 
Деріпс
әлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. 
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын, 
Сары менен Баянды айт Уа
қтағы. 
А
ғашта биікті айтсаң қарағайды айт, 
Жігіттік, ерлікті айтса
ң Бөгембайды айт, 
Найзасыны
ң ұшына жау мінгізген. 
Емен
әлі Керейде, ер Жабайды айт, - деп келетін өлең - жырында Бөгембай батырдың тұлғасына байланысты жігіттік пен ерлік мінез басты қасиет ретінде қатар көрсетіледі. 
 
  Ал Б
ұхар жырау Абылай ханға бас қолбасшыларының бірі Бөгембай батырдың қазасын төмендегідей тегеурінді де, қуатты жыр жолдарымен жеткізеді: 
 
Қиядан қиқу төгілсе, 
Атты
ң басын тартпаған. 
Қисапсыз қол көрінсе, 
Қорқып жаудан қашпаған… 
Қарсыласқан асылдар - 
Қорғасындай балқыған, 
Батыры
ң өтті Бөгембай…Бұл жыр жолдарынан батырдың ерлік жорығын дәріптей отырып, дәстүрлі жыраулық поэзия үлгісінде өмірге келген әдеби шығарма - жоқтаудың бір ұтымды үлгісін көреміз. Мұндай үлгілер сол кезеңдегі қазақ ақын-жырауларының шығармашылығында мол кездеседі. Жалпы, шешендік өнер мен ақындық қуаттың қос арнасын қатар, жарыстыра өріп отыратын, соның тоғысқан тұсында құнарлы, тегеурінді ой-толғамдарын топтап, түйіндеп жеткізетін көркемдік әдіс-тәсіл сол кездегі қазақ поэзиясына етене тән қасиеттердің бірі. Осы көркемдік арналар кейінгі кезде Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Жамбыл, Нұрпейіс, Иса, т.б. қазақ ақындарының шығармашылығынан көрініс тапты. 
 
  Сонымен бірге, халы
қ арасында кең тараған, аңызға айналып кеткен әңгіме, жырлардың арқауында айтулы қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбаймен әрдайым үзеңгі қағыстырып, бір топта, қатар жүрген батырлар шоғырында: Өтеген, Райымбек, Бөлек, Сатай, Аралбай, Сеңкібай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Есенқұл сынды жаужүрек, ақберен тұлғалардың да аттары аталады.  
 
   Бір ерекшелігі – ХVІІІ-
ғасырдың бірінші жартысында қазақ елінің жылдар бойы ес жия алмай, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де жоңғар шапқыншыларына қарсы жүргізген күресінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған осынау қазақ батырларының баға жетпес бірлігі, азаматтық ынтымағы, ұлы достығы қазақ өлең-жырларының барлығында да алтын арқаудай желі тартады.  
 
   Жалпы
қазақ эпосынан басталып тарихи шығармаларымызға ұласқан, сонан соң жазба әдебиетімізге көшкен осы көркемдік арна – күллі қазақ әдебиетінің ішкі рухани тұтастығын ұстап тұрған басты құндылығымыз. Шын мәнінде, қазақтың алты алашқа атағы кеткен, ғасырлар белесінде бір сәтке де халық жадынан ұмыт болмаған, халық жүрегінен мәңгі орын алған ақберен батырлардың ұлы көшін атақты ақын-жырауларымыз тұтастықта, бөліп-жармай, яғни алдыңғы толқын батырлардың тағылымын кейінгі толқын батырларға аманаттап, солардың қайсар рухынан өздері де қанаттанып, күш-қуат алып өнер сайысында қарсыластарынан үнемі үстем болып отырғанын аңғарамыз. Айталық, жыр алыбы Жамбылдың Шашубай ақынмен әйгілі айтысындағы:  
 
Ерегіссе
ң менімен  
Тауып
ұстас теңімен.  
Е
ңсеңді үзіп кетермін, 
Аспаннан т
үскен жасындай, 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Шапырашты Наурызбай, 
Солар
ға кезек бермеген 
Ұлы жүздің ішінде  
Ұраным менің - Қарасай! 
Қарасайдың ұлымын,  
Айтулыны
ң бірімін. 
Нар кілемні
ң түрімін,  
Қызыл тілім безеген,  
Найзасын тас
қа егеген, -  
деп келетін
өлең жолдары алдаспандай ақындық поэзияның осы арнадағы асыл үлгілері. Осы сарында бейнеленетін қазақ батырларының қатарында Қарасай мен Наурызбайдың, Сұраншы батырдың тұлғалары әсіресе ақиық ақын Сүйінбай мен жыр дүлдүлі Жамбылдың поэзиясында айшықты көрінеді.  
 
  С
үйінбай жырларында қазақ батырларының Қоқан хандығына қарсы күресі, сол кезеңдегі ел басына төнген қауіп-қатер, туған жер тағдырына қатысты ақынның терең тебіреністен туған толғаулары жан-жақты көрініс табады. Ақын “Сұраншы батыр” дастанында тарихи кезең шындығы мен тарихи тұлғалардың ел тағдырындағы алатын орнын, олардың ерлік істерін дәстүрлі қазақ поэзиясының арнасында көркем шежірелейді.  
 
  Осы жыр жолдарыны
ң халықтық рухы, елдік сипаты ең алдымен аталған ақындардың суреткерлік қолтаңбасынан, яғни осындағы жиі көзге түсетін теңеулердің көркемдік қуатынан, алмастай өткір, теңіздей терең ой-толғамдарынан жарқырап көрініп отырады.  
 
 
Қайталап айтсақ, батырын көкке көтерген, олардың тұлғасын ел махаббатына, жұрт сүйіспеншілігіне бөлеген осынау ақындық, жыраулық поэзияның осындай озық үлгілері кейіннен дүниеге келген жазба әдебиетке де суреткерлік рух берді, құнарлы көркемдік бояу қосты. Мысалы, 60-80 жылдар кезеңінде, болмаса, бүгінгі тұста жазылып, жарық көрген роман-повестеріміздегі батырлар тұлғасына назар аударсақ осыдан бірнеше ғасыр бұрын жасап кеткен жыраулық, ақындық поэзияның нақыш-өрнектері, сол жыр жолдарының суреткерлік қуаты қара сөзімізге де дарығанын аңғарамыз. 
 
  І.Есенберлинні
ң, Ә.Әлімжановтың, Т.Әлімқұловтың, С.Бақбергеновтың, Д.Досжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауиннің, Құмаділовтің, Х.Әдібаевтың, Ә.Сарайдың, Құхамбетқалиевтың, Ж.Тұрлыбаевтың және тағы басқалардың тарихи романдарындағы батырлар бейнесі, олардың заманға сай көрініс берген батырлық ерліктері, адамилық қасиеттері, хан-сұлтандармен қарым-қатынасы т.б. суреттеулер, барлығы жиылып келгенде осынау батырлар бейнесінің енді тарихи тұрғыдан тұтасқан, замандар елегінен өткен, бірегей бітім тауып, ірілене, кесектене түскенін байқауға болады.  
 
  Жыраулы
қ, ақындық өнердің бай дәстүрлеріне табан тіреген қазақ прозашылары тарихи шындықты көркемдік тұрғыдан жинақтаудың жаңа, өнімді әдіс-тәсілдеріне қол артқанын кейінгі жылдар шығармалары айна қатесіз көрсетті. Сондықтан да, әсіресе 60-80 жылдар аралығында тарихи тақырыпты арқау еткен прозалық шығармаларымыз басқа жанрларға қарағанда тарихи тұлғалар тағдырын, оның ішінде қазақ батырларының ерлік істерін, қаһармандық жорықтарын, олардың кейіпкер ретіндегі ішкі жан дүниесін, рухани болмысын тереңірек бейнелеуге ден қойды. Бұл мақсатта қазақ әдебиеті халық тарихын қайта тірілту, сол арқылы оқырмандар санасында тарихи таным мен тарихи тағылымды қайта жаңғырту, қайта ой елегінен өткізуде өлшеусіз еңбек сіңірді. Ұлттық құндылықтарымыз осылайша бір жаңа қырларымен жарық шаша, құлпыра түсті.  
 
   Сонды
қтан да, әдебиетімізде көп жырланған атақты батырларымыз, ең бастысы, ел басына қатер төнгенде шашақты найза қолға алып, қазақтың жау жүрек ұлдарын бастап басқыншы жауға тойтарыс берген Абылай, Қайыр хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шапырашты Наурызбай, Өтеген, Сұраншы, Райымбек, Батыр Баян, Кенесары, Науан сынды есімі исі қазаққа аса қымбат, аса аяулы батырлардың әдеби мұраларымызда: халық ауыз әдебиетінде, жыраулық поэзияда, жазба әдебиетте бас кейіпкерлер деңгейіне көтерілу сыры алдыменен олар туралы тарихи жырлардың, тарихи аңыз-әңгімелердің ел арасына кеңінен жайылуында және олардың ұрпақтан-ұрпаққа тарап, жалғасып келе жатқандығында жатыр. Яғни қазақ елінің, қазақ жерінің тағдырындағы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шапырашты Наурызбай батырлардың және осы қатардағы басқа да әйгілі қазақ батырларының тарихи миссиясының мәні мен маңызын алдыменен осы тұрғыдан таразылағанымыз орынды.  
 
  Е
ң бастысы ел тағдырындағы, ұлттық тарихымыздағы әрбір есімі белгілі, халық жадында биік тұғырға көтерілген, халықтық ұғымдағы ел махаббатына, ел сүйіспеншілігіне бөленген батыр-тарихи тұлға ретінде бүгінгі күнде де, қазіргі заманымызда да еш маңызын жоймайды. Әсіресе қазіргі тұста, қолымыз ұлттық тәуелсіздікке жетіп, еліміз ғасырлар бойы аңсаған, армандаған егемендігін алған тұста қазақ батырларының баға жетпес еңбегі, ерлік жорықтары, ең бастысы бір сүйем қазақ жері үшін қасық қаны қалғанша жаумен жаға жыртысып тағдыр кешкені – тарихи танымның, рухани тағылымның баға жетпес биігі осы.  
 
  Т
әуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырлары жасаған ерліктің, тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз қажет. Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік осы. Осы, қазақ батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы, жалпақ тілмен айтқанда жердің асты, үстіндегі бар байлығымыз – тағы да осы батырларымыздың бізге аманаттаған жан сыры, жүрек нұры. Осыны біз бүгін көздің қарашығындай қадіріне жетіп, сақтай білуіміз парыз.  
 
  
Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз біріншіден, батырлар жырындағы, тарихи жыр, аңыз, дастандардағы тереңнен тамыр тартқан туған жер туралы идеяны бірінші қатарға қоюымыз қажет. Батырлар туралы бірде-бір халық мұрасы осы идеяны айналып өтпеген. Туған жерді қорғау, сақтау, келер ұрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы-бізге жеткен барлық әдеби мұралардың алтын арқауы осы.  
 
   Ата
қты жырларымыз, сонау “Құбығұл”, “Дотан”, “Құламерген, Жоямерген”, “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қамбар батыр”, “Ер Қосай”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Ер Тарғын”, “Күлтегін”, “Қырымның қырық батырынан” бастап өткен ғасырда ғана жарық көрген жыр алыбы Жамбылдың “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр”, Қ.Бекхожиннің “Науан батыр” дастандары, атақты Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Райымбек, Малайсары, Саңырық, Сыпатай, т.б. батырлар жайында айтылған, жазылған көркем мұраларды дүниеге келтірген, арқауы үзілмеген тұтас шығармашылық кезеңдердің барлығы осы арнада желі тартады.  
 
  
Әлдеқашан халқымыздың рухани тірегіне, дүниетанымдық тұғырына айналған бұл жырлардың, аңыз-әңгімелердің, ел ішіне кең тараған шежірелердің, барлығының көркемдік құндылығын да, идеялық бағыт-бағдарын да бағалағанда алдымен осы тарих тағылымына табан тіреуіміз аса қажет. Сонда ғана қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап нұрын шашқан қазақ батырларының мәңгі өшпес рухы ұзақ күткен тәуелсіздігімізді баянды етуге, алған бетімізден адаспауға жол ашады.  
 
   Б
үгінгі күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді орнықтыру, нығайту мақсатында жүзеге асырып жатқан қыруар іс-шаралары да, мемлекетімізді әлем мойындайтын, жер жүзі танитын деңгейге көтерсем деген арман-мұраты да осы мақсатпен, осы арнада үндесіп жатқанын айтуымыз керек. Ұлы батырларымыздың ұлттық тарихи тұлғалар ретіндегі туған жері, туған елі үшін жасаған баға жетпес ерен ерліктерін де, олардың халық жүрегіндегі орнын да осы тұрғыдан бағаласақ, қадірлеп, қастерлесек қателеспейміз.  
 
   Е
ң бастысы осы идея, осы арнадағы құндылықтар – қазақ әдебиетінің сан ғасырлар бойында жасалған, сандаған кезеңдерді көктей өтіп, бірақ берік ұлттық рухани арқауынан бір сәтке де айырылмаған бай тарихындағы көркем әдебиет үлгілерінің барлығында да басты нысана болған. Сондықтан да осынау әдебиет үлгілерін қазіргі күнге дейін қазақ руханиятының алтын ұстындарындай ұлт үшін, оның болашағы үшін қызмет етіп жатқан қайталанбас қазыналарымыз ретінде қабылдауымыз қажет. Және де ұлттық идеяның алтын діңгектеріндей бой көтерген рухани құндылықтарымыздың барлығы да бір ғана мақсат жолында, бір ғана мұратты көздеп халық жүрегіне жол тартты. Ол мақсат пен мұрат түбтің түбінде бізді бүгінгі ұлттық тәуелсіздігімізге, ұлттық мемлекетіміздің мәңгілік баянды болуы идеясына біріктіріп отыр.

Информация о работе Қазақ батырлары